Ағымдағы жылдың 28 қарашасында сағат 15.30-да ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми білім беру орталығымен бірлесіп, VII Астана экономикалық форумының «Smart Green Busness Forum» панельдік сессиясын даярлау барысында «К

Экология Министрлігі November 27, 2013
117
0
0
0

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-34/ Экономикадағы энергия ресурстардың төмендеуі мемлекет үшін маңызды проблема болып табылады.  Ресурсты тұтыну мен кәсіпорындардың энергия тиімділігі...

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-34/

Экономикадағы энергия ресурстардың төмендеуі мемлекет үшін маңызды проблема болып табылады.  Ресурсты тұтыну мен кәсіпорындардың энергия тиімділігі саласындағы  қазіргі проблемаларды шешу  экономикалық және ұйымдық-құқықтық тетіктерді қайта қарауды, сондай-ақ энергияны тиімді пайдалану технологияларын енгізуді талап етеді. Мемлекеттік, қаржылық, қоғамдық құрылымдардың бірлескен жұмысы болмайынша,  оларды шешу мүмкін емес.

Осыған байланысты, Форумның спикерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде  энергия тиімділікке қол жеткізу  принциптері мен тетіктері, энергияны үнемдеу бойынша халықаралық тәжірибе, энергия үнемдеудің жаңа технологиялары талқыланады.

Онлайн конференцияға қатысады деп күтілуде: Орталық Азиядағы USAID  Миссиясының экономикалық даму бөлімінің директоры Майкл Трублада, Урал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры,  «Большой Евразийский университетский комплекс» АНО президенті  М.В. Федоров, ТМД елдері мен Балтық жағалауы елдеріндегі жобалар бойынша  менеджер (Финляндия) Хейкки Пус, Green Bridge Forum (Riga) өкілі  Андреас Пумпурс,  «PricewaterhouseCoopers» Консалтинг компаниясының директоры Ника Шуфро және басқалар.

Байланыс деректері: Астана қ., Достық көшесі, 20, «Санкт-Петербург» БО, 14-қабат,

тел. 277294 (Прманова Назия), 279580 (Балтабаев Қуаныш);       e-mail: info@green-academy.kz


 

Оцените пост

0