Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:11, 27 ноября 2013

Хоккей: «Сарыарқа» аутсайдерді овертаймда жеңді

Blog post image

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Зауралье» (Ресей, Қорған қаласы) командасын ұтты.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде «Сарыарқаның» хоккейшілері бір ойыншыға кем ойнап жүріп-ақ, қарсыласын қапы қалдырды. Есеп — 1:0. Дегенмен, үшінші кезеңде таразы басы теңесті. Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса да, овертаймда, яғни қосымша уақытта «Сарыарқа» өз шеберлігін барынша таныта білді. «Зауральенің» бір хоккейшісі ережені бұзып, екі минуттық айып уақытын өтеуге аттанған кезде, «Сарыарқаның» бас бапкері таймаут алды. Содан бір минуттың айналасында Қарағанды қаласының хоккей клубы өз басымдығын іске асыра білді. Кирилл Лебедев екінші шайбаны соғып, команданы жеңіске жетеледі. Қорытынды есеп — 2:1.

Айта кетейік, бұл ойында «Сарыарқа» екі ұпайға қол жеткізді. Ал «Зауралье» бір ұпайды (барлығы 16 ұпай) қанағат тұтты. Соған қарамастан, Қорған қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестенің ең соңғы сатысында қалды. «Сарыарқа» болса, 42 ұпаймен 9-шы орында келеді.

 
0
225
0