Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:01, 27 ноября 2013

Жапонияда өтетін айтулы турнирге баратын дзюдошыларымыз белгілі болды

«Үлкен Дулыға» турнирі

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Токио қаласында дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс болмақ.

Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатов баптайтын Қазақстан ерлер құрамасы Токиоға төмендегі құраммен аттанады:

60 келіге дейінгі с/д — Елдос Сметов пен Асхат Тельманов

66 келіге дейінгі с/д — Азамат Мұқанов пен Елдос Жұмаханов

73 келіге дейінгі с/д — Дастан Ықыбаев пен Ертуған Төренов

81 келіге дейінгі с/д — Дәулетхан Жақыпов пен Бекжан Әбдуәлиев

100 келіге дейінгі с/д — Максим Раков

100 келіден жоғары с/д — Ержан Шынкеев

Сергей Лим (66 келіге дейінгі с/д) мен Ислам Бозбаев (90 келіге дейінгі с/д) бұл турнирге қатыспайды, деп хабарлады alasharena.kz.

 
0
204
0