«Дін және дәстүр» атты облыстық конференция

АДР РК 2013 M11 27
596
0
0
0

Кеше Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен облыстық мешіттің ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» атты облыстық конференция өткізілді. Конференцияға облыстың дінтану...

Кеше Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен облыстық мешіттің ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» атты облыстық конференция өткізілді.

Конференцияға облыстың дінтану пәнінің мұғалімдері, жоғары және арнайы орта оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитеттерінің төрағалары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда Шығыс Қазақстан облысының жастар ісі жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары С. Женісов, «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим қажы Қарнақбайұлы, «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Ақанов, облыстық мешітінің наиб имамы Д. Тулувхан, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А. Жылқыбаева сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу мақсатында жастарды халқымыздың қалыптасқан дәстүрлерін насихаттау арқылы тәрбиелеу жұмыстарын жалғастыру туралы ұсыныстар қабылданды.

 

Оцените пост

0