Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:34, 27 ноября 2013

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясы

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-32/

ҚР қоршаған орта және су ресурстары Вице-Министрі Ерлан Нысанбаев 2013 жылғы 18-22 қараша аралығында Инин қаласында (ШҰАА ҚХР) өткен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясының 11 отырысының жұмысына қатысқан қазақстандық делегацияны басқарды.

Қытай Халық Республикасының делегациясын осы елдің Су шаруашылығы министрінің орынбасары Цзяо Юн бастады.

Отырыс барысында трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық деректермен алмасу, су бөлу жөніндегі техникалық жұмыстарды бірлесіп іске асыру барысы, сондай-ақ, трансшекаралық өзендерде гидротехникалық құрылыстарды салу, қайта құру және одан әрі пайдалану мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның бұдан бұрын қол жеткізген келісімдердің іске асырылу барысы көрсетілген хаттамасына қол қойылды.

 

ҚР қоршаған орта және су ресурстары

министрлігінің баспасөз қызметі

 
0
182
0