Футзалдан Алматыда УЕФА кубогының элиталы кезеңі аяқталып, «Қайрат» командасы «төрттік финалға» шықты.
Шешуші кездесуде «Қайрат» «Тұлпарды» 7:1 есебімен ұтты.
Жарыстың алғашқы күні «Тұлпар» командасы босниялық «Танго» клубымен кездесіп, 8:3 есебімен басым түскен. Ал «Қайрат» командасы белоруссиялық «Витэн» клубының қақпасына да жауапсыз тоғыз гол салған еді.
Кейін «Қайрат» босниялық «Танго» қақпасына тоғыз гол тоғытса, «Тұлпар» «Витэнді» 4:2 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, былтырғы УЕФА кубогын «Қайрат» ұтып алған еді, деп хабарлады alaman.kz.