Ж.Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды

Kazsport agent 2013 M11 25
162
0
0
0

Қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен — 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) туризм индустриясы...


Ж.Әбдімәлік
Қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен — 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игали өзінің facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

«13 жасар қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік CZECH TOUR сериясына жататын «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирін жеңіп алды. 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем вице-чемпионы мүмкін болар 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинаған», — деді комитет төрағасы.

Айта кету керек, Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 4-рет жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, ол — Қазақстандағы әйелдер арасындағы ең жас халықаралық гроссмейстер. 13 жастағы қаршадай қыз биыл Түркияда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет 20 жасқа дейінгі бой жетіп қалған қыздармен сынға түсіп, онда күміс жүлдеге қол жеткізді.

 

Оцените пост

0
Дальше