«Формула-1» автожарысында Себастьян Феттель қатарынан тоғыз рет жеңіске жетіп әлемдік рекорд орнатты

Kazsport agent 2013 M11 25
139
0
0
0

«Формула-1» автожарысына «Ред Булл» командасының атынан қатысқан Себастьян Феттель Бразилияда өткен қорытынды 19-шы кезеңде тағы да жеңіске жетті. Ол осымен тоғызыншы рет қатарынан үздік саналып...

Себастьян Феттель
«Формула-1» автожарысына «Ред Булл» командасының атынан қатысқан Себастьян Феттель Бразилияда өткен қорытынды 19-шы кезеңде тағы да жеңіске жетті.

Ол осымен тоғызыншы рет қатарынан үздік саналып, жеңіс саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл тұрғыда ол 2004 жылдан бері сақталып келген әйгілі Михаэль Шумахердің рекордынан асып түсті. Аты аңызға айналған М.Шумахер қатарынан жеті жарыста алдына жан салмаған болатын.

Автожарыстағы екінші және үшінші орындар Марк Уэббер мен Фернанду Алонсоның еншісінде.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 

Оцените пост

0