Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:42, 25 ноября 2013

Месси: «Криштианудың Әлем чемпионатына баратынына қуаныштымын»

Лионель Месси мен Криштиану Роналду

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қосымша ойын арқылы өткен Криштиану Роналду және оның құрамасының қуанышына ортақ екенін мәлімдеді.

Лионель Месси: «Әрине, Криштиану Роналду және оның құрамасының Әлем чемпионатына жолдама алғанына қуаныштымын. Төрт жылда бір келетін үлкен бәсекеде мықтылардың ғана болғаны дұрыс. ӘЧ-да тек үздік команда мен үздік ойыншылар ғана жеңіске жетуге тиіс. Бұл – футболдың деңгейі үшін керек. Криштиану – ұлы ойыншы. Көбісі оны соңғы кезде ғана жақсы ойнап жүр дейді. Бірақ ол көп жылдан бері жақсы ойнап келеді» — дейді.

Ал Нидерланды құрамасына қатысты: «Сіздер Нидерланды құрамасынан кімдерді көрдіңіздер? Робин ван Перси және Арьен Роббен. «Қызғалдақтар елінде» басқа да мықты ойыншылар жетерлік. Ван Перси – керемет сұрмерген, ал Роббеннің мүмкіндігін болжап білу тіптен мүмкін емес. Оның доп алып жүрудегі ғаламат шеберлігі ылғи да қорғаушылардың мазасын кетірумен болады» — деп ағынан жарылды.

Аргентиналық футболшы мұнымен қатар өзіне басқа да клубтардан ұсыныс түсіп жатқанын айтып өтті. Месси: «Өзге клубтардың маған деген қызығушылығы – мен үшін үлкен құрмет. Көптеген командалар мені өз ойыншылары қатарынан көргісі келсе де, мен өз ұстанымымнан таймаймын. Мені Барселонамен көп нәрсе байланыстырып тұр. Каталониялықтардың сапында ойнау – менің өмір бойғы арманым еді. Бұл маусымда көп жағдай сәтті жүзеге аспай жатқаны аян. Алайда жаңа жылдан соң бәрі өз орнына келеді деген үміттеміз» — дейді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдарха

 
0
279
0