• 9097
  • 3
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жастардың ұлттық рухын оятқан байқау

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында  студенттер Сенатының ұйымдастыруымен университеттік «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының ақтық байқауы өтті.

 

«Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының басты мақсаты жастар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне жәрдемдесу, заманауи қыздар мен жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.

 

Байқаудың алғашқы кезеңінде университетіміздің 700-ге жуық ұл-қыздары қатысып, өтініш білдірді. Олардың 90-ы 2-ші кезеңге өтті. Екінші кезеңде қатысушылардың интеллектуалды өресі, өнері, білімі сараланып, барлық 13 факультеттен 14 қыз, 14 жігіт таңдалып алынды. Осы уақытқа дейін арулар өз қолдарымен қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, жәрмеңке өткізді. Жиналған ақша қорына жетім балалар үйіне қамқорлық іс-шараларын жүргізді. Ал жігіттер ұлттық, спорттық байқаулар (асық-ойнау, қол күрес, атта шабу және т.б.) бойынша өнер көрсетті. Жігіттердің тек спорттық қабілеті ғана емес, сондай-ақ қоғамдық, яғни үгіт-насихат жұмысы, адамдармен қарым-қатынасы да бағаланды. Ақтық сынға қатысатын жолдама алған қатысушы қыз-жігіттердің мәдени қоғамдық өмірдегі әдебі, мінез-құлқы және өзін ұстауы бағаланды.

 

 

Енді міне, жарыстың ақтық кезеңі де қызу тартыспен өтті. Ақтық кезеңде қатысушылар сәлемдесу, шеберлік, сұрақ-жауап, өнер сайысы, ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көрсету (дефиле) сынды 5 номинацияда бақ сынады. Сайыста әділ қазылар алқасының төрағасы, «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны» жобасының әріптесі «Ана тілі» республикалық газетінің бас редакторы орынбасары Нұрперзент Домбай, ЖОО және жастар ұйымдары жұмыстары жөніндегі бөлімінің басшысы Венара Махамбетқызы, әнші Заир Бегалы, әнші, актер Мұрат Қожа және тағы басқа да белді тұлғалар қазылық жасады.

Жарыстың әрбір номинациясы өзіндік тартымдылығы және көрерменге ерекше әсер сыйлауымен ерекшеленсе керек. Әсіресе, өнер сайысындағы қатысушылардың мың құбылған билері мен әсерлі өлең шумақтарын оқулары, ән айтып, күй тартуларының өзі өзгеше сезім сыйлағаны сөзсіз.

 

 

 

Сайыс соңында сөз алған ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің директоры Меңдігүл Сағатқызы: «Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бүгін ақтық сынға өткен біздің 14 қызымызбен, 14 жігітімізге арнайы номинациялар тағайындалды. Ал, сайыстың шарықтау шегі «Ана тілі аруы» мен «Жігіт сұлтанын» анықтау», - деді. Сайыста «Ана тілі аруы» байқауына қатысқаны үшін қатысушы аруларға «Қайсар ару», «Инабатты ару», «Парасатты ару», «Көрермен көзайымы», «Мейірімді ару», «Өнегелі ару», «Кербез ару», «Дарынды ару», «Қылықты ару», «Байсалды ару», «Көрікті ару», «Нәзік ару», «Ақбілек ару», «Өнерлі ару», ал «Жігіт сұлтаны 2013» байқауына қатысушы жігіттерге «Шешен жігіт» , «Жалынды жігіт», «Парасатты жігіт», «Ақын жігіт», «Жігерлі жігіт», «Қайсар жігіт», «Өнерлі жігіт», «Білімді жігіт», «Талантты жігіт», «Қайратты жігіт», «Байсалды жігіт», «Дарынды жігіт», «Келбетті жігіт», «Толағай жігіт» номинацияларымен марапатталды.

 

 

 

Ал, «Ана тілі аруы» мен «Жігіт сұлтаны» жеңімпаздарын марапттауды ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов жүргізді. Қорытынды сөз сөйлеген ректор: «Бүгінгі сайыс барлығыңызға ұнады деп ойлаймын. Басқа конкурстардан осы «Ана тілі аруы» мен «Жігіт сұлтаны» конкурсы несімен ерекшеленді деген сұрақты ойланып көрдіңіздер ме? Бұл – ұлттық құндылықтарға негізделетін конкурс. Бұл жерде біздің жақсы дәстүріміз бен жаңа буын жастарымыздың әрі қарай сол дәстүрді жалғастырып, ұрпақтар сабақтастығына негізделеді. Өйткені, конкурстар көп, әрқайсысының өз мағынасы бар. Ал, бұл конкурстың негізгі мәні бізді ұлттық нақышта, ұлттық рухта жастарды тәрбиелеу, үлкен тарихтан келе жатқан дәстүрімізді жалғастыру. Біз ұл-қыздарымызды дұрыс бағыттай білсек, осы конкурстің негізгі мақсаты орындалды деп сенуге болады. Бұл жастар елімізді қорғайды, ертеңін жасайды. Жастар көп, бірақ, сол жастар – елдің болашағын ойлай ма, сол елдің болашағын дамытуға дайын ба?! Сол кезде осындай конкурс арқылы, жақсы, нақты сұрақтар қою арқылы оларды жақсы ойландыра білсек, оларды жұмысқа, іс-қимылға бағыттай білсек, осындай конкурс елге де, болашаққа да керек. Сондықтан осы конкурсты ұйымдастырып отырған азаматтарға, студенттер сенатына, сайысқа қатысқан белсенді студенттерімізге, қатысуға арнайы келген қонақтарымызға, әділ-қазыларға, жастарды қолдап отырған демеушілерге шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Ал, енді бір жұмадан кейін Тұңғыш Президентіміздің мерекесіне арналған ұлттық студенттік патриот жастар фестивалін ашамыз. Барлықтарыңызды соған шақырамын», - деді.

 

 

 

Дәстүрлі шараның биылғы жеңімпаздарын униврсеитет ректоры Ғ.Мұтанов марапаттады. Олар экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс магистранты Жалниязов Досхан «Жігіт сұлтаны-2013» атанса, ал филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Ізденова Гүлзада «Ана тілі аруы-2013» атағын иеленіп, ұйымдастырушылар мен демеушілер тарапынан сый-сыяпатпен марапатталды.

 
Сенат Студентов senat_kaznu
Общественное объединение. Молодежная студенческая организация.
26 ноября 2013, 0:37
2527

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Jaraisyndar! Jenimpazdardy kuttykraimyn! Uiymdastyrushylarga kalalyk baikudy uiymdastyruda sattilik tileimin!!!!
Жоба өте жоғары деңгейде өтті!!! Жарайсындар Студенттер Сенаты!!!
Өте керемет,сөз жоқ!Көптен бері тамашалаған бір үлкен жоба болды.Қуанғанымнан көзіме жас келді,барлығы қазақы түрде,қазақтын сұлтандары мен арулары сахнаға шығып өздерінің қазақылығын және қазақтың керемет дәстүрін көрсетті!Бұндай жобаны ұйымдастырған кісілерге алғысым шексіз,осындай жобадан кейін көп жастарымыздың патриоттық сезімі оянды деп сенемін!Улкен рахмет Студенттер Сенаты!Осындай жобаны неге қалалық,Республикалық деңгейге шығармасқа?!Қазақтығымызды көрсететін осындай жобалар!!!Рахмет!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38725
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10684
  • 174
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2698
  • 46
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2047
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1920
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1742
  • 1
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 авг. 2017 / 9:55
  • 1419
  • 47