Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:34, 24 ноября 2013

БОКС: «Арландар» жеңісті жолдан жаңылған жоқ

«Астана арландары»

«Астана арландары» WSB додасының төртінші маусымындағы екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіске жетті.

Петербор қаласында өткен «Ресей құрамасымен» матч 3:2 есебімен біздің пайдамызға шешілді, деп хабарлайды «Аламан».

Алдымен 52 келіде Миша Алоян мен Олжас Сәттібаев шаршы алаңға шықты. Үш раунд бойы Олжас қарсыласына соққы жасауға тырысқанымен Алоян тәжірибесінің арқасында қарсыласынан басым болды. Есепті Ресей құрамасы ашты.

Артынша, 60 келіде команда капитаны Самат Башенов Адлан Абдурашитовты жеңді - 2:1 (48:47, 48:47, 47:48).

Кейін 69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Александр Ивановты сабады - 3:0 (49:45, 49:46, 50:45).

75 келіде Лондон Олимпиадасына қатысушы Данабек Сужанов Дмитрий Биволдан техникалық нокаутпен ұтылып қалды. Есеп — 2:2.

Ал соңғы шешуші кездесуде аса ауыр салмақта хорватиялық легионер Филипп Хркович ресейлік Сергей Кузьминнен басым түсті - 3:0 (49:46, 48:47, 49:46).

Естеріңізге сала кетейік, «Арландар» алғашқы кездесуде Алматыда «Баку оттарын» жеңген болатын. Енді біздің команда 9 желтоқсанда Мексика боксшыларымен кездеседі.

 
0
246
0