ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысов ЕО және Орталық Азияның жетінші Министрлік кездесуіне қатысты

МИД РК 2013 M11 21
226
0
0
0

2013 жылғы 20 қарашада Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты. Отырыс...

2013 жылғы 20 қарашада Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты.

Отырыс барысында сыртқысаяси ведомстволардың басшылары Орталық Азиядағы Еуроодақ стратегиясы шеңберіндегі өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, тараптар сот-құқықтық жүйені реформалау, білім беру стандарттары мен сапаларын арттыру, қоршаған ортаны жақсарту, өзара сауда көлемі мен инвестиция түсімін арттыруға бағытталған ортаазиялық өңірдегі Еуроодақтың маңызды бастамаларын қарастырып, жан-жақты талқылады. Қазақстанның ЕО өңірлік стратегия шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шараларға белсенді қатысып жатқандығы атап өтілді. Атап айтқанда, заң ұлықтылығы жөніндегі еуропалық бастаманың кезекті кездесуі 2014 жылы Астанада өткізілуі ұсынылып, оған барлық мүдделі тараптар қолдау білдірді.

Толық мәтін mfa.gov.kz сайтында: http://mfa.gov.kz/kz/#!/news/article/12389

 

Оцените пост

0