Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:23, 21 ноября 2013

Промоутерлер: Уордты тек Головкин жеңе алады

головкин

Қазіргі кездегі мықты боксшы саналатын америкалық Андре Уордтың Эдвин Родригесті ойсырата жеңгені белгілі. Осы жекпе-жектен кейін баспасөзге Родригестің промоутері Лу ДиБелла сұхбат берді, деп хабарлайды isport.ua порталына сілтеме жасай отырып sports.kz.

«Уорд керемет жекпе-жек көрсетті. Ол Эдвиннен мықты болды және рингте шеберлігін көрсете білді. Менің ойымша, Уордпен тек Головкин қарсыласа алады. Қолымда болса, мен аса үлкен қуанышпен бұл жекпе-жекті ұйымдастырушы едім. Сонымен, күмәндарыңыз болмасын, алда екі мықты боксшының жекпе-жегі күтіп тұр», — деді ДиБелла.

 
0
205
0