«Астана арландары» Ресей құрамасымен айқасады

Kazsport agent 2013 M11 21
172
0
0
0

WSB додасының төртінші маусымындағы екінші жекпе-жегін ертең, 22 қараша күні «Астана арландары» Ресейдің Russian Boxing Team командасымен өткізеді, деп хабарлады alasharena.kz. «Арлан­дардың»...


всб логосы

WSB додасының төртінші маусымындағы екінші жекпе-жегін ертең, 22 қараша күні «Астана арландары» Ресейдің Russian Boxing Team командасымен өткізеді, деп хабарлады alasharena.kz.

«Арлан­дардың» намысын бір легионер, төрт қазақ қорғайды. Оның үшеуі — дебютант.

Ал Ресей құрамасының сапында кілең осы додада ысылған боксшылар. Тек аса ауыр салмақтағы Сергей Кузьмин ғана бірінші рет WSВ додасының айқасына қатысқалы тұр.

Ресей құрамасы — «Астана арландары»

52 келі: Миша Алоян — Олжас Сәттібаев

60 келі: Адлан Абдурашидов — Самат Бәшенов

69 келі: Александр Иванов — Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі: Дмитрий Бивол — Данабек Сужанов

91+келі: Сергей Кузьмин — Филип Хргович (Хорватия).

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0
Дальше