Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:33, 19 ноября 2013

Мейірім мен күншілдік

Бір күні Шайқы Бұрқыдан біреу сұрапты:

- Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді

біреулер көре алмас, күншіл келеді? – дейді.

Ara0816- Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір  тобы шыбындарға ұқсайды.Шыбынның іздегені –  нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның  ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат  алады. Оның мұрны жұпар иісті сезбейді. Адамдардың  екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез-келген  жерден гүл іздейді. Мысалы, мал қораның шетіне бір  тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез-келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап берген екен. (“Әлдиден эпосқа дейін” кітабынан алынды)

0
1030
0