Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:50, 19 ноября 2013

Алматыда бизнесменге шабуыл жасалды

 

12 қараша күні үш қарақшы 29 жастағы кәсіпкерді өз үйінің кіреберісінде тосып алып, тапаншамен қорқытқан. Қылмыскерлер кәсіпкер азаматты күштеп автокөлікке отырғызған да, қала сыртына алып шыққан, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен. "Шабуыл жасағандардың ішінен кәсіпкер өзінің бұрын бұзақылық жасаған үшін істі болған алыс туысын таныған.  

Қылмыскерлер жүздерін жасырмаған да. Олар жапа шегушіні өзінің "Мерседес" автокөлігіне отырғызып, қала сыртына алып шыққан. Мекенжайды білдіртпес үшін кәсіпкердің басына қап кигізген",- дейді Алматы қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы, полиция майоры Данияр Күшәлиев.
Алматы облысының Қарасай ауданындағы кенттердің бірінің маңында олар егер жапа шегуші болған жағдайды полицияға хабарласа, онда қарақшылар оның туыстарын аман қалдырмайтынын айтып қорқытқан.
Қалаға жеткен кәсіпкер сонда да полицияға болған оқиғадан хабар берген. Қылмыскерлер оның көлігі мен 38 мың доллар ақшасын тартып әкеткен екен.
"Алдымен жедел түрде осы қылмысқа қатысты 25 жастағы М.есімді азамат анықталды. Кейін 22 жастағы Д.есімді азамат ұсталды. Ол Ақтау қаласының тумасы. Үшінші күдіктінің де кім екені белгілі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 179-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп нақтылады Д.Күшәлиев.

0
177
0