Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы Х. әл-Мазругимен кездесті

АДР РК 2013 M11 18
253
0
0
0

18 қарашада Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктерінің Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы доктор Хамдан әл-Мазругимен кездесті. Сұхбат...

18 қарашада Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктерінің Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы доктор Хамдан әл-Мазругимен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.Әзілхановтың Әмірліктерге жұмыс сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Аталмыш сапар барысында екі елдің дін саласына жауапты мекемелері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда.
Сонымен қатар Елші Қайрат Лама Шариф сұхбаттасын Қазақстан жастарына ислам құндылықтары туралы толыққанды мағлұматтар беруге арналған «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталымен таныстырды. Өз кезегінде Хамдан әл-Мазруги­ Әмірліктердегі www.awqaf.ae ақпараттық-консуль­та­тивтік веб-сайтының қызметі туралы баяндап берді.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат БАӘ Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасына қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түрлі-түсті безендірілген кітапты сыйға тартты.

http://din.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti/?cid=0&rid=1493

Оцените пост

0