Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:28, 18 ноября 2013

Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады

ҚЫТАЙ. 27 қазан. BAQ.KZ – Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студенттері бірлестігі» жұмыс жасап келе жатқанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Олардың жоспарында қазақы өнім жобалап шығуда бар екенін айтқан болатынбыз. Бірлестіктің алғашқы өнімі жақында жұртқа ұсынылды.

Blog post imageBlog post imageBlog post image

Қытай қазақ студенттері бірлестігінің шығарған алғашқы өнімі қазақы үлгідегі кітап қыстырғыш екен. Кітап оқығанда жалғастырып оқитын бетті бүктемеу үшін арнайы ықшамдалып жасалған қыстырғышқа қызығушылардың саны артуда. 
Бірлестік басшылары ою-өрнекпен әдіптелген кітап қыстырғышты жобалауда және оны базарға салуда «Сахара» сайтының да үлесінің зор болғандығын айтып қуанып отыр.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 
0
753
0