Қытай Құрбан айтты тойлау үшін арнайы қаржы бөледі

Майгүл СҰЛТАН 2013 M11 18
1266
0
0
0

ҚЫТАЙ. 25 қазан. BAQ.KZ – Биылғы Құрбан айтқа арналған концертті Қытайдағы қазақтар XJTV-3 арнасы арқылы ертең көре алады. Құрбан айт мерекесі Шыңжаң телеарнасының ұйымдастыруымен жыл сайын үш бөліп...

ҚЫТАЙ. 25 қазан. BAQ.KZ – Биылғы Құрбан айтқа арналған концертті Қытайдағы қазақтар XJTV-3 арнасы арқылы ертең көре алады.

Құрбан айт мерекесі Шыңжаң телеарнасының ұйымдастыруымен жыл сайын үш бөліп өткізіледі. Қазақ, ұйғыр, қытай ұлттары бірлесіп өткізетін концерт кешімен қоса онда қазақ және ұйғыр ұлттары да мерекелік концертті ұйымдастырып келеді. «Қытайдағы аз ұлттардың мәдениетін қорғау және қолдау» саясаты негізінде өткізіліп келе жатқан мерекелік шараның ішінде қазақ концертін ұйымдастыруды Қытайдағы қазақ тіліндегі телеарна XJTV-3 өз міндетіне алған. Биылғы жылғы концертке елімізден арнайы шақырылған «Шаншар» әзіл-сықақ театры мен «Қоңыр» тобының әншілері де өнер көрсетіп қайтты.

Қытайдағы Құрбан айт концертінің қалай өткенін білу үшін «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов ағамызға қоңырау шалдық:

«Қытай үкіметі Құрбан айтты ондағы ислам дінін ұстанатын қазақ, ұйғыр, дүнген сияқты ұлттардың ұлық мерекесі ретінде бекітіп, сол ұлт өкілдеріне мемлекет бойынша үш күн демалыс береді екен. Сондай-ақ, Қытай тарапынан Құрбан айтты тойлауға арнайы қаржы да тұрақты бөлініп тұрады. Осының арқасында Шыңжаң телеарнасының ұйымдастыруымен үш рет концерттік кеш ұйымдастырылады. Құрбан айт концертін мұсылман дінін ұстанатын ұлттар мен қытайлар бірігіп бір өткізсе, ұйғыр және қазақ ұлтына да мерекелік концертті өткізуге мүмкіндіктер берген. Қытайдағы қазақтардың биылғы жылғы Құрбан айт концертіне Қазақстаннан бізбен қоса «Қоңыр» тобы да шақыртылды. Қытайға біз концерттік сапармен жиі барып тұрамыз. Ал осы жолғы Қытай қазақ өнерпаздарымен бірге өткен концертіміз ерекше болды. Олар біз сияқты шетелдерден «жұлдыздар» шақырып шабылмайды. Олар ұлттық мерекелерімізге арналған концертке тек қана қазақтар қатысып, қазақтар өнер көрсететін жақсы үрдісті қалыптастырған. Осы жолы біз өзіміз өнер көрсетіп қана қоймай, неше түрлі өнерпаздардың өнеріне куә болдық. 200 қыз бір сахнада гүлдей жайнап билегенде таңдай қақтық. Өте тамаша! Көмейімен ән айтатын әншілердің әуеніне да тамсанбай қалмайсың. Оларда жоғары диапазонмен айтатын әншілер көп. Ондағы қазақ әншілерінің барлығы тірі дауыспен ән айтады».

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 

Оцените пост

0