Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:05, 18 ноября 2013

Ұшқышқа ескерткіш орнатылды

Қарағанды облысының Шет ауданында әскери ұшақпен апатқа ұшыраған экипаж командирі Марат Едігеевке ескерткіш белгісі орнатылды.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында жоспарлы оқу-жаттығу барысында ұшақ істен шығып, экипаж командирі Марат Едігеев оқиға орнында қаза болған. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, апатқа ұшыраған «МиГ-31» әскери ұшағы Ресейдің Ржев қаласында күрделі жөндеуден өткен, кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған. Жөндеу жұмыстарынан кейін небәрі 42 сағат ұшқан. Экипаж 23 сәуірде күндіз 3 рет, түнде 1 рет жоспарлы ұшуын сәтті аяқтаған. Ал түнгі мезгілдегі соңғы 5-ұшуы сәтсіз болып, қайғылы жағдайға әкеп соққан. Марат Едігеев істен шыққан ұшақты басқа жаққа бұрып әкетпегенде, ауыл үстіне құлауы ықтимал болатын. Батыр ұшқыштың ерлігі ұмыт қалмады, ол «Айбын» орденімен марапатталды. Әріптестері марқұмға дұға бағыштап, еске алды. Олардың қатарында Маратпен ұшақта бірге болып, аман қалған штурман Руслан Галимзянов та бар.
Исатий Джолаев, әскери әуе базасы командирінің орынбасары:
- Бүтін бір ауылдың амандығын ойлап, өз басын өлімге тіккен батыр әріптесіміздің басына ескерткіш орнатуды азаматтық парызымыз деп санадық. Жас ұрпақ бүгінгі күннің батырларын білу керек. Мараттың көзсіз ерлігі– жас буынға үлгі-өнеге.
0
360
0