место в рейтинге
  • 22460
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жанайдар Нұрсәлиев, «Керуен» дуэтінің жетекшісі: Ресейде тұрып орысшаны жетік білмейміз


– Жанайдар Ермекұлы, өздеріңіз тұратын қазақтар жиі қоныстанған аймақ жайлы айта отырсаңыз?

– Біз Россияның таулы Алтайында тұрамыз. Сондағы Қосағаш ауылының тумасымын. Біздің ата-бабаларымыз Шығыс Қазақстан жақтан келген екен. Осыдан 120 жыл бұрын ауып келдік деп үлкендер айтып отырады. Сонымен қатар біз жақта Қытайдың Қанас көлі маңынан ауып келген ағайындар да кездеседі. Біз балаларымызбен де қазақша сөйлесеміз. Біздің Алтай республикасы Қосағаш ауданы Қосағаш ауылында 18 мың қазақ тұрады. Ондағы қазақтар тілін, дінін өте жақсы сақтаған. Барлық той-томалақ ұлтымыздың дәстүрлері бойынша өтеді. Жастардың арасында дінді дұрыс ұстанатындар қатары мол. Қазақ мектептері жоқ болғанымен, қазақ тілі пән ретінде кіреді. «Чүй нұры» атты қазақша газетіміз бар. Спутник арқылы «Астана» телеарнасын ғана қараймыз. Жасыратыны жоқ, Ресейде тұрып орысша жақсы сөйлей алмаймыз. Россияның кей жерлеріндегі қазақтар қазақша сөйлей білмейді екен. Жаңа бір қыздар орысша сөйлесіп отыр екен. Сұрастырсақ, олар да Ресей елінен келіпті. «Қазақша түсінеміз, бірақ сөйлей білмейміз» деп отыр.

Жолдасыңыз Еркін Әжімқанов екеулеріңіз «Керуен» дуэті болып ән айтқандарыңызға ұзақ болды ма?
Ресейге қазақ өнерін таныту мақсатында осыдан 18 жыл бұрын, яғни мен бас құраған жылы құрылғанбыз. Содан бері балдызым Еркін екеуіміз жұбымыз жазылмай өнер көрсетіп келеміз. Көбінесе біз орыстардың алдында өнер көрсеттік. Қазақ әндерін орындаумен бірге домбырамен орыс әндерін де айтамыз. Орыстар қатты сыйлайды, құрметтейді. Шетелдерге шығып та жиі өнер көрсетеміз. Қазақстанда өтетін «Ән мен әншіге» де қатыстық. Осы өнеріміздің арқасында Қазақ еліне жиі келіп өнер көрсетіп тұрсақ деп ойлаймын.

 

– Өнер жолын таңдауыңызға не түрткі болды?

– Өнерге құштарлығымды оятқан ең алдымен әкем болды. Ол кісі күй шертіп, ән айтатын кісі. Тағы бір жағынан, Атажұртқа көшіп келген Рашат деген ағамның ықпалы зор болды. Рашат ағам мені 3-сыныптан бастап музыка мектебіне сүйреп, Консерваторияның дайындық курсына шейін алып келді. Сөйтіп, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 1997 жылы күй өнері бойынша бітірдім. Қасымдағы азамат Еркін Әжімқанов болса Ресейдегі Барнаулда Өнер институтын оқыған.

– Өз ауылдарыңызда ұлттық өнер қалай дамыған?

Біз оқу бітіріп барғанға дейін өзіміз тұрған ауылдағы қазақтар арасында ұлттық өнерді дамыту – әншілік, күйшілік және оларды жазу дегендер болмаған екен. Біз өзіміздің аймағымыздағы тұратын үлкендерден көптеген әндерді жазып, сақтап алып қалдық. Оны біз тұрған аймақтан фольклор жинай келген алматылық азаматтарға да бердік. Өз қорымызға да көп әндер жинап алып қалдық.

– Ән, күй орындаумен бірге өздеріңіздің іздеріңізді жалғайтын жастарды тәрбиелеумен айналыстыңыздар ма?

Ауылымыздағы Музыка мектебінде Домбыра сыныбын ашқан болатынмын. Онда көп оқушыларым бар. Кішкентай қыздардан құралған ансамбль де бар. 12 қыз домбырамен ән айтады. Осы мектепте менің қолымнан оқып шыққан бір оқушым академияны тәмәмдап, басқа бір қазақ ауылда ұстаздықпен айналысуда. Тағы бір оқушым Алматыдағы Чайковский атындағы консерваторияны бітірді. Осындағы үш қазақ колхозының бірінде жұмыс жасап жатыр. Яғни мен тәрбиелеген шәкірттер де ұстаздықпен айналысып үмітімді ақтап жатқан жайы бар.

– Өзіңіз ән жазбайсыз ба?

– Иә. Қазірге дейін он шақты ән жазыппын. Өнер саласында жол ашып, әндер жазып шетелдерге осылай шығып жүрміз. Біздің Алтайдағы қазақтардың басына басқа аймақтарымыздағы қандастарымыз сияқты қиын күн төніп тұрған жоқ. Қосағаштағы қазақтар қазақылығын жақсы сақтаған. Өз бетінше өмір сүріп жатқан елміз. Бізде демократия. Еркіндік бар. Сондықтан да Атажұртқа оралуды көп ойламайтын шығармыз.

– Жеткен жетістіктеріңізге тоқтала кетсеңіз?

– Біз «Сібір жастары» деп аталатын халықаралық конкурста 1-орын алдық. Алтай республикасының еңбегі сіңген әртісі деген атақтарды алғанбыз. Россияның еңбегі сіңген әртісіне ұсынылып жатырмыз. Жақында қазақ және орыс тілінде үнтаспамыз шықпақшы.

– Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз?

Отбасылымын. Баламның алды 11-сыныпта оқиды. Екінші қызым өзім құрған ансамбльдің құрамында.

 

– Атажұртқа оралу ойыңыз жоқ па?

 

– Шынын айтқанда, бізде көш жиі болмайды. Осыдан 15-20 жыл бұрын көп көшкен. 
Орыс балаларының қазақ өнерін үйренуге ынтасы бар ма?
Біздің аймақта орыстар көп жоқ. Алайда алтай ұлтының балаларынан домбыраға жазылатындар жиі кездеседі.

 

Әңгімелескен: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

18 ноября 2013, 16:52
387

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38657
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10368
  • 168
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2271
  • 43
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1986
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1843
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1686
  • 1