место в рейтинге
  • 22571
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Еуропада «Болашақтың» дайын балалары жүр

АЛМАТЫ. 16 қазан. BAQ.KZ – Шекарадан шеттеп қалған қазағымыз көрші елдерде жетіп артылады. Ал тарихтың тарпаңдығынан тағдырын сонау Еуропадағы елдермен байланыстырған қазақтар қаншама. Биыл сол 5000-ға жуық қандасымыздың Еуропа топырағына қоныстанғанына 50 жыл толды.


Қытайдан Пәкістан және Үндістанды асып Түркияға жеткен қазақтардың алғашқы легі Германия мен Түркия арасында қол қойылған «Еңбек миграциясы» туралы келісім-шарт бойынша 1962 жылы Германияға қоныс аудара бастаған екен. Осы көштің алды Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, Дания және Швейцарияға дейін жетсе, соңы Голландия, Ұлыбританияға орналасқан. Осы елдерде тұрып жатқан қандастарымыздан онға жуық қонақ жақында Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына қатысты. Германияның Кельн қаласындағы 300-ге жуық қазақ отбасына бас болып жүрген Әбдірахман Шетін ағамызды әңгімеге тарттық.

 

– 2002 жылы Атажұртымыз – Қазақстанның 10 жылдығы, Түркиядан Германияға келген қазақ ағайындардың 40 жылдығы, Еуропадағы қазақ мәдениет орталығының 20 жылдығы, өзіміз құрған футбол командасының 5 жылдығына орай Еуропа қазақтарының басын қосып, кіші құрылтай ұйымдастырған едім. Осы жылдан бастап кіші құрылтай жыл сайын өткізіліп жүр. Еуропаның 10 елінде біздің қоғам жұмыс жасап келеді. Еуропада тұратын қазақтардың жағдайы толық талқыланатын кіші құрылтайларымызға Қазақстандағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қатысумен қатар, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан тағы басқа елдердегі ағайындарымыз да атсалысып келеді. 10 жыл ішінде Еуропа елдерінде 23 рет Қазақ елінің көк Туын желбіретіп, Әнұранын шырқатыппыз. Келесі жылы мамыр айында Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы Парижде өтпекші. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі болып Еуропа қазақтары арасынан Дәлелхан Жаңалтай деген ақсақалымыз сайланған. Ол кісі дүниеден өткен соң мен келдім,- дейді алыстағы ағамыз Әбдірахман Шетін. Қазір бұл қауымдастықтың тізгінін Мюнхендегі қандасымыз Абдұлқаюм Кесижи ұстап отыр екен.

 

Әңгімемізді Еуропада тұрып жатқан жастар жайына бұрғанымда ол кісінің жүзінен реніш байқалды. Ондағы жетіліп келе жатқан жастардың ана тілінен айырылып бара жатқанын да, қазақ елінің оларға оң қабақ таныта қоймайтынын да жасырмады. Әуелі, Атажұртындағы орыс тілінің мұқтаждығы еуропалық қандастарымызға тұсау болса, сосын әлем қазақтарын бір-бірінен алшақтатып отырған әліпби алуандығы да көп қиындықтар әкеледі екен.

 

«Еуропадағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы жақсы. Алайда Батыстың оқуын бітірген жастарға Қазақстанға келу қиынырақ. Орыс тілінен хабарсыз жастарымыз қанша мықты мамандықты игеріп келсе де, бұл жақта оларға жағдай жасалмайды. Олар - дайын тұрған маман. Қазақ елінде «Болашақ» бағдарламасымен Еуропа мен Америкада оқып жатқандар қаншама. Бұл деген үкіметке үлкен шығын. Шалғайға шығып білім іздегендерден гөрі, сол озық елдерде тұрып оқығандар әлдеқайда білікті болары сөзсіз. Сол Еуропа елдеріндегі жастарымызды Атажұртқа тартқаны дұрыс еді. Бұл жайлы талай айттық. Жастарымыз қазақ тілінен ажырап барады. Қазақ мектептері атымен жоқ. Біздің қазақ мәдениет орталығының өзі жиналыстарды әр жерді жалға алып, қазақтың атынан өткіземіз. Орынның өзіне бір жыл бұрын тапсырыс береміз»,- деп ашынды германиялық қандасымыз.

 

Әңгіме соңында Әбдірахман Шетін ағамыз өзінің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арнаған өлең жолдарын берді:

 

Жиырма жыл болыпты құрылғалы Қауымдастық,

Қауымның қалауымен Нұрсұлтан болды бастық.

Әлемдегі бар қазақтың Қауымдас басын қосып,

Бәрі тегіс бір болды ағайындар отандастық.

 

Егеменді ел болып жатқанда қарбаластық,

Елге қашан жетеміз деп біздер де жанталастық.

Ұзақ шетел Моңғолия, Түркия, Қытайдан да,

Бәрінің басын қосқан шаңырағы Қауымдастық.

 

Ертеде ел мен жерден шара таппай ажырастық,

Дұшпанымыз сол кездегі біздерге қылған қастық.

Ата анадан, бала атадан еріксіз айырылсақ та,

Туған елді қайта оралып ал, міне келіп таптық.

 

Бірін-бірі көргенде қазақта дәстүрлі болады той,

Береке мен бірлікте осылайша байланысып болады ғой.

Бар болса жер бетінде шашылған тарыдай қанша қазақ,

Қауымдастық сол қазақтың ат байлайтын қазығы ғой.

 

Құрылтайлар болып жатады міне, осындай ортамызда,

Біз енді бүгін кімнен бас иіп қорқамыз да.

Қазақстан Республикасы деген тәуелсіз Отаным бар,

"Алға Қазақстан, Алға" демей бәріміз жатамыз ба?

 

Өтті ғой мұңмен, зармен қайран жастық,

Ақыры өлмей, өшпей жүріпті, тіл табыстық.

Көп жылдар көре алмаған ел мен жерді,

Құрылған Қауымдастық шара болып араластық.

 

Көк туымыз желбіреп Кельн, Париж, Венада,

Кіші құрылтай жыл-жыл сайын болады Еуропада.

Ат байлайтын қазығың барам десең онда да бар,

Еуропалықтармен бас қосқан бір арада.

 

Құттықтаған Президент хатыменен,

Сәлем жолдап өзінің арнайы атыменен.

Басқа елде осындай бар ма дейсің,

Тек қазақта болған бұл затыменен.

 

Әнұранды айтамыз тік тұрып, жүрек басып,

Алпыс екі тамырдан бойдағы қаным тасып.

Ұлтшыл сезімің болса егер жігерің де,

Қазақ қазақ болғалы келеміз қалмай жасып.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 
18 ноября 2013, 16:15
340

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 12250
  • 178
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 авг. 2017 / 16:25
  • 7303
  • 34
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 авг. 2017 / 17:21
  • 3422
  • 3
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3573
  • 52
Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Какой «золотой квадрат»? Вам действительно это место кажется лучшим?! Вот когда Байбеку удастся воплотить в реальность скверы и парки, тогда я буду согласен называть старый центр золотым квадратом.
openqazaqstan
вчера / 16:53
  • 2947
  • 20
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 авг. 2017 / 12:29
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2615
  • 68
Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

У русскоязычных казахов два варианта, один - срочно отдавать детей в казахские школы, если видят их будущее в стране. Русскоязычным неказахам ещё меньше выбора. Надо становиться казахами.
Aidan_Karibzhanov
22 авг. 2017 / 18:08
  • 2387
  • 60
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2213
  • 1