место в рейтинге
  • 21938
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қандасымыз Қалидан Қытайдың атынан күш сынасты

АСТАНА. 30 қыркүйек. BAQ.KZ – 26-30 қыркүйек күндері Астанада белбеумен күрес бойынша 10-шы рет ересектер арасындағы әлем чемпионаты және жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Оған 30 елдің спортшылары келіп күш сынасты. Солардың қатарында қандасымыз, белгілі спорт шебері және жаттықтырушы Қалидан Бекенұлы Қытайдың атынан сайысқа түсті. Атамекенге келген қандас спортшымен сұхбаттасып, әңгімеге тартқан едік.

– Спорттағы жолыңыз қалай басталды?
– 2003 жылы Шыңжаңдағы кәсіптен сыртқы спортшыларды таңдау байқауына қатысып, Пекин спорт институтына қабылдандым. Сонда дзюдо бойынша алты жыл оқыдым. Оқи жүріп, спорт жарыстарына қатыстым. 2006-2008 жылы Шыңжаң бойынша аз ұлттар күресіне қатысып, екеуінде де 1-ші орын алсам, 2008 жылы Қытай студенттері арасында болған сайыста да бас бәйгені еншілеген едім. Бұдан басқа да республикалық, өлкелік және қалалық көптеген сайыстарда бағымды сынап, алдыңғы қатарлардан көрініп келемін. 
– Өзіңіз сайысқа түсумен қатар жаттықтырушы да болып қызмет істейді екенсіз?
– Иә, Пекиндегі оқуымды аяқтаған соң аға жаттықтырушы, өзімнің ұстазым Сухуңтау басқаратын Үрімжі қалалық спортшылар командасына келдім. Онда команда бастығының орынбасарлығы жұмысын атқарамын. 30-ға тарта спортшылары бар бірнеше ұлттан құралған командада 15 қазақ бала тәрбиеленуде. Соның 15-і де менің шәкірттерім. Олардың да нәтижесі қуантарлық деңгейден көрініп жүр. Жақында ғана Қытайда өткен республикалық жасөспірімдер спорт жарысында Арғын атты оқушым чемпион болды.

– Қытайда қазақ күресіне көңіл бөлінеме?

– Қытайда қазақша күрес әлі жалпыласа қоймады. Бұған дейін қазақ күресі федерациясы құрылып, ол мемлекет тарапынан қаржыландырылған емес. Деседе, Үрімжідегі спортпен айналысатын қазақ азаматтары жағынан қазақша күрес енді қолға алынбақшы. Ал, өзім қазақ күресінің жалпы қағидасын білемін. Федерация жұмыс бастап кеткен жағдайда шәкірт тәрбиелеуге дайынмын деп ойлаймын. 
– Осы жарысқа қатысуға жолдаманы қалай алдыңыз?
– Бұл жарысқа келуім де аяқ астынан болды. Үрімжідегі қазақ спортшы жастарын көптеген жарыстарға ертіп келіп, Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста жүрген әрі спортшы, әрі спортшыларға демеуші ағамыз Нұрлан Дәулетханұлының тікелей бастамасымен келдім. Дзюдодан күш сынасып жүрген мен үшін белбеумен күресу сәл қиынға соқты. Қағидаларына да қанық болмаған соң қарсыласыма өкінішке қарай ұттырып қойдым. Бұл менің бірінші рет мемлекет аттап күресуім. Осы арқылы алда көп мүмкіндіктерге қол жеткіземін деп үміттеніп отырмын. Атажұртпен байланыстың басы осы болар. 
– Алда қандай жоба-жоспарларыңыз бар?
– Белбеумен күрес келер жылдың басында Ресейде өтпекші. Соған қалайда 5 шәкіртіммен қоса қатысамын деп бел буып отырмын. Осы белбеумен күрес жастар арасындағы Азия чемпионатын Нұрлан Дәулетханұлымен бірлесіп келесі жылы Үрімжі қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Шәкірттерімді Қазақстанның жарыстарына жиі әкеліп қатынастыруды да көздеп отырмын. 
– Алда алатын асуларыңыз биік болсын дейміз. Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

18 ноября 2013, 15:07
343

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8926
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3218
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3397
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3357
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3149
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2959
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2547
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2255
  • 18