место в рейтинге
  • 21086
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Азат КӘРІМҰЛЫ, «ОРТ Құрылыс-сервис» ЖШС-ның директоры: Қазақ атажұртында ғана өркен жаяды

– Қытайдан атажұртқа оралып, жастарға үлгі болып, бір компанияның тізгінін ұстап отырсыз. Сауданың мұқтаждығына байланысты екі араға көп қатынайтын боларсыз? Осы орайда қос мемлекет жастарына жеке-жеке қандай пікір білдіресіз?

– Екі елдің жастарында үлкен айырмашылық бар. Қытайдағы жастармен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың, көпке топырақ шашуға болмайды десе де, ұлтшылдығы кемшіндеу. Қытайдың қай сайтына кірсеңіз де, газет-журналын оқысаңыз да олардың отаншыл, асқақ рухын бірден аңғаруға болады. Бұл мына екі түрлі себепке байланысты шығар: бірі, олар өздерін үлкен ұлт ретінде сезінеді. Екіншіден, олардың арасында «Сендер мықтысыңдар!» деген үгіт қашанда басым. Ал, тәрбие мәселесіне келгенде біздің ақсап жатқан жағымыз мол. Оны педагогтар, психологтар зерттей жатар.

– Ендеше, әңгімемізді Қытайдағы қазақ жастарына бұрсақ...

– Қытайдағы қазақтардың таяу тарихына үңілсек, кешеге дейін Шығыс Түркістан құрмақшы болған, «Үш аймақ төңкерісіне» жанын салған, ұлттық ұмтылысынан айнымаған қазақтар. Өлер алдында қасқайып тұрып: «Қазақтың мүддесі үшін шайтанмен де бірлесемін!» деген Оспан, Қалибек сынды батырлар соның дәлелі. Осы рухты онжылдық «Мәдениет зор төңкерісі» жоғалтты. Қазақтың сорпа бетіне шығар зиялыларын Тарым лагеріне айдады. КСРО қуғын-сүргінді қалай атқарса, Қытай үкіметі соны қайталап отырды. Қазақстанның радиосын естігені үшін сотталып кеткендер болды. Адамдық құқық қалай тапталып жатқанын осыдан-ақ көруге болады. Кейін билік «оңалды», тарих басқаша шешілді. Ондағы қазақ жастары ұлттық талпыныстың шектеулілігін түсінетін жерге жетті. Себебі, Қытайда үлкен бағыт, үлкен ағын шешіліп қойды. Ол – қытайландыру саясаты. Сондықтан ұлтым, елім дегендердің атажұртқа оралуына, келмейтіндерінің сол жердің шекті автономиясы ішінде экономикасын, мәдениетін дамытуына тілектеспіз. Ал, елге оралу ақық армандарына айналған, алайда белгілі себептермен жете алмай жүрген жұртқа екі ел үкіметі мен тілектес жандар қол ұшын берсе, дұрыс болар еді.

– Қытайда қазақ тілді мектептер аралас тілді мектептерге өзгертілген көрінеді. Сол мектептерде білім алып жатқан жеткіншектер өзінің қазақ екеніне намыстанып, тақия киген атасының мектеп қақпасына жеткізіп салғанына арланады екен…

– Тәрбиенің бағыты сондай. Олар төл тарихынан бейхабар. Өзінің кім екенін түсінбей жатып қытайлардың білім жүйесіне жегілді. «Сен қазақсың, мықты ұлт болғансың, қазір де мықты болуға мүмкіндігің бар» дегенді ешкім айтпайды оларға. Жас жүрегінде сенім болмаған олар, әрине, қазақ екеніне арланады. Өсудің де, өшудің де себептері көп, осы себептердің ең бастысы – тіл соғысы. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы тілдің дамып, өркендеуінің шарты: оқыту-оқу, жазу-зерттеу және қолдану деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп кеткен. Бірақ бұл үш шарттың алдыңғысы Қытай қазақтарында түбегейлі жойылды. Демек, соңғы екі шарттың да бұлыңғырланып бара жатқаны аңғарылады. Қытайдың оқыту жүйесі құрамындағы басқа ұлт ұрпақтарын қалай қытайландыруды ғана міндеті санайды.

– Соңғы жылдары Қазақстанға өз қалауымен де, ата-анасының ықпалымен де оралып жатқан жастар саны артып келеді. Олар өздеріне қандай талап қоя білуі керек деп ойлайсыз?

– Қытайдағы қазақ жастары атамекеніне келгеннен кейін ең басты мақсаты – осында қалу болуы тиіс. Келген жастардың көкейінде қайта ораламын деген ойдың болуы – мүлде қате. Дүние сені өзгерте ме, сен дүниені өзгертесің бе? Жетіліп келе жатқан жастарды, әрине, дүние өзгертеді. Өзгеруден қорқудың керегі жоқ, керісінше дамуға ілесе алмай қалудан қорқу керек. Бұл жақта нәтиже шығара алмаған адам Қытайға барып бірдеңе тындырады деу мүмкін емес. Төте жазумен мектеп бітіріп, қытай тілінде сауат ашып келуі себепті жастар көптеген қиындықтарға кезігеді. Ол үшін үйренгенше жеңілдіктерге мұқтаж болуы дұрыс. Алайда, адам өмір сүру туралы ешқашан ешкімнен жеңілдік тілемеуі тиіс. «Шын жыласаң соқыр көзден жас шығады». Бір бағытқа тайынбай жол алсаң, нәтиже болмай қалуы мүмкін емес, тек соған табандылығы, қайраты жеткілікті болса. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Өзге елде сұлтан болған адам өз елінде сұлтан болмаса да ұлтан болуы мүмкін емес. Шетте жүрген қазақ жастары ұлт ретінде талпынатын жерге келулері керек. «Халықтың ісі – халықпен». Олар тек қазақ елінде өркен жая алады. Кең байтақ жеріміз, тарихи, заңдық, экономикалық негізіміз бар. Бізге өзіміз ғана жетіспейміз. Іргеден бөлініп қалған қазақтардың ұрпағына айтары осы.

– Қытайдағы қазақ өспірімдеріне мектепте де, жоғары оқу орнында да қазақ тарихы туралы ешқашан оқытылмаған. Қазіргі жеткіншек қазақ тарихы түгілі ана тілінен ақсап барады екен…

– Бұны бүкіл дүние көріп отыр. Қай елдің болсын құрамындағы аз ұлт өкілдері сол мемлекеттің негізгі ұлтына сіңуі, жақындасуы тиіс. Қытайға олар жақындасып, бір-екі қазақ қытайдан да асып кетуі мүмкін. Бірақ, бір жарым миллионнан астам қазақтың ұлт ретінде болашағы бұлыңғыр.

– Мұсылман партия мүшелерінің мешітке кіруіне тыйым салынған. Бұны былай қойғанда Қытайдағы қазақ жастары ішімдікке бой ұрып бара жатқан-сынды. Бұл қаншалықты шындыққа саяды?

– Жалпы, қоғамдағы талассыз саясат – жойылуға тиісті ұлттың ең алдымен ұлттық рухын жою, сосын дініне шабуыл жасау. Осы екеуі құрыған ұлтта тоғышарлық қана қалады. Демек, жойылу мен жойылмаудың арасындағы нәрсе – жүректегі мәселе. Еврейлерге қараңыз, бытырап жүр. Әр тілде сөйлейді. Бірақ олар ешқашан өздерінің еврей екенін ұмытпайды. Ол неден? Әрине, дінінің беріктігі. Дін – адамның өзін-өзі бекітудегі ең соңғы жол. Күнә деп айтатын ата-ана да, күнә ғой деп сезінетін бала да азайып бара жатқандықтан, жастар жағы ащы суға әуес болатыны белгілі.

– Қытайда хан ұлтынан басқа ұлттарды оқытуға материалдық жақтан жақсы жеңілдіктер қарастырылыпты. Мықты оқыған қазақ баласы 8-сыныптан соң тек үкімет қаражатымен ішкі Қытайда кемел білім алатын мүмкіндікке қол жеткізетін көрінеді. Бұл не үшін керек?

– Қытайдағы қазақтардың оза шыққан ұрпақтарын үкімет оқытқанына мәз болмағаны жөн, астарындағы жасырын саясатты сезінбей тұрып. Сен қазір шын жазуың, мен қазір шын күйіп-пісуім мүмкін. Бірақ Қытайдағы қай қазақ болсын ешқашан шынайы жұмыс жасай алмайды. Әсіресе билік саласында жүргендер. Сол билік басындағылар жастарға үлгі болғысы келеді. Қытайдағы жастарға олар емес, өз бетінше өмір сүргендер мен Қазақстанға кетіп қалғандар үлгі болуы керек. Шешендерде бір жақсы сөз бар екен «жақсы шешендерің бәрі о дүниеде» деген. Ұлттың келешегі үшін күресте басын бәйгіге тіккендер үлгі болуы керек кейінгі буынға.

– Қазақстанға келу үшін төлқұжат жасатудың өзі қиын жұмыс. Осы тосқауылдардан өте алмаған талайының «Бармаймын, болды!» деп қолды бір сілтеуден басқа амалы  қалмайды…

– Адам құқықығы туралы Еуропа, Америка айтып жатыр. Қытай барлық адамдарға бірдей қарайтын болса өтініш жасаған барлық азаматтарына төлқұжат таратып беруі керек еді ғой. Бұл заңда белгіленген. Адам құқығының төрт шартының бірі – оның қайда өмір сүруінің, қайда баруының еркіндігі. Төлқұжат жасаудың өзін қиындатпай, кетем деген қазақтың қолына ұстатса болар еді. Қазақтар соны дұрыс талап етпей, Қытай саясаты сол мүмкіндікке қолдарын жеткізбей отыр.

– «Болашақпен» барып бағын басқа елде «жандырып» жүрген, елге оралмай қалған жастар туралы не айтасыз?

– Қазақстандағы шетелге оқуға кетіп, келмей жатқан жастар кейінгі кездері, құдайға шүкір, ел шулайтындай көп емес. Ал, қалып қоятындар Қазақстанды елім, жерім деп ойламайтындар деп түсінемін. Бұның өзі де тәрбиеге байланысты. Қазақ ұлтын, тарихын, тілін мақтан тұтып, өздерін бабадан қалған тұяқ деп сезінбейтіндер олар.

– Өзіңіздің Қытайда оқыған мамандығыңыз да филологиямен тамырлас екен. Журналист болып та қызметтер атқарыпсыз. Қазақстанға келіп бизнеске бет бұруыңыз неліктен?

– Иә, оның рас. Мен Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің түркология мамандығын тәмамдағанмын. Орталық радиода журналист болып төрт жыл жұмыс атқардым. Бизнеспен айналысқаныммен, тілден алыстамадым. Осы атқарып жатқан жұмыстарымның бәрі көп тіл білудің арқасында ғана жүзеге асуда. Осылайша азаматтық парызымды өтейін деген ниет менікі де. Қолынан келсе басқа салаға ауысқан да дұрыс шығар. Қоғам жастардан не талап етеді, соған әрқашан бейім болуы керек қой.

– Төрт жыл журналистиканың пұшпағын илепсіз. Қытайдағы қазақ журналистикасы жөнінде бір-екі ауыз айта кетсеңіз.

– Қытайдағы қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары негізінен үкіметтің үні ғана. Сөз бостандығы қытайдың өзінде жоқ. Қытай өзіне бұйырмаған мүмкіндікті бес қазаққа бермейді де.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 
18 ноября 2013, 14:37
392

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52438
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 8687
  • 29
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
вчера / 12:12
  • 7477
  • 81
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4452
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4179
  • 38
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3141
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
вчера / 16:41
  • 2369
  • 7
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2501
  • 53