Петропавлда Халықаралық ЖКО құрбандарын еске алу күні өтті

mvdgovkz 2013 M11 18
370
0
0
0

  Бұл күні полицейлер «Есіңе ал және ойлан» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының жанында басталды. Колоннада үстінде ЖКО-да зиян...

 

Бұл күні полицейлер «Есіңе ал және ойлан» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының жанында басталды. Колоннада үстінде ЖКО-да зиян шеккен автокөлік орналасқан эвакуатор мен қара және ақ түсті ленталары бар 6 автокөлік болды. Сондай-ақ, акцияға велосипедші балалар да қатысты. Олар қаланың көлік көп жүретін жолдарымен жүріп өтті.  

СҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Сайлаубек Мусиннің айтуынша, аталған шараның басты мақсаты - жол үстінде қаза болу, жарақаттанудың және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіп-қатеріне назар аудару, апаттардың алдын-алу, жолдағы ереже бұзушылықтарға жол бермеу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, ЖКО-да қайтыс болғандарды еске алу.
Жыл сайын әлемде көлік апаттарынан 1 миллионнан астам адам қаза болып, 50 миллион адам жарақат алады. Осы жылдың 10 айында СҚО аумағында 304 ЖКО тіркелді. Оның салдарынан 42 адам қаза тауып, 382 адам жарақаттанды.

Оцените пост

0
Дальше