Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:24, 17 ноября 2013

Қытайдағы алдыңғы қатарлы қазақ сайтының бірі — «Күлтегін» жабылып қалды

БЕЙЖІҢ. 14 қыркүйек. BAQ.KZ - Әлемде ақпараттық қорғаныс үшін интернетке цензура қойған ел Қытай мен Вьетнам ғана екенін біріміз білсек, біріміз біле бермеспіз. Әсіресе Интернет полиция жұмыс істейтін Қытайда қазақ сайттарының қанатына тас байланып отыр. Кеше ғана жұмыс істеп тұрған www.kultegin.com сайтын бүгін оқырмандары таппай қалды.

Blog post image

Сайт өкілдерінің бірінің айтуынша Қытайдағы қазақ сайттарының басына бұндай күн жиі туады екен. «EraNet (http://www.now.cn) деп аталатын веб-сервер компаниясына кімдер тарапынан арыз түсетіні белгісіз. Қандай пиғылмен біз жайлы жағымсыз ақпарат беретіндіктерін түсінбей-ақ қойдым. Бұндай мүшкіл жағдай Қытайдағы қазақ сайттарында жиі болады. Осының себебінен біз көптеген оқырманымызды жоғалтып қана қоймай, қыруар қаржылық зиянға да ұшыраймыз. Егер арыз интернет полицейлері жағынан түскен болса, сайтымызбен қош айтысуға тура келеді»,-деп ашынды сайт өкілі.
Қандастарымызды 2009 жылдан бері рухани азықпен сусындатып келе жатқан «Күлтегін» сайтының бүгінде 13000-нан астам тұрақты оқырманы бар екен. Ол жақтағы 50-ден астам қазақ сайттардың алғашқы қатарында тұрған «Күлтегіннің» оқырмандарымен тезірек қауышуына біз де тілектеспіз.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

0
487
0