Кадры

iDina 2013 M11 15
189
0
0
0

"Кадры" атты жаңа кино жұмыссыз қалған екі достың Google-да сынақ мерзімдерін өтеуі жайында түсірілген. Бұл фильмді Google үшін көрдім десем де болады. Маған қызықты болғаны - ондағы тұрмыс...

"Кадры" атты жаңа кино жұмыссыз қалған екі достың Google-да сынақ мерзімдерін өтеуі жайында түсірілген. Бұл фильмді Google үшін көрдім десем де болады. Маған қызықты болғаны - ондағы тұрмыс тіршілігі, жұмыс орындарының қалай орныққаны. Бұл компанияда тамақ тегін беріледі екен. Сонымен қатар, жұмыскерлерінің ұзақ уақыт жұмыс істейтіндіктерінен күндіз жатып демалатын капсулалары бар екен. Кабинеттерінің өзі әр түрлі дизайнда, көптеген жастықтармен, орындық, дивандармен ыңғайластырылған. Қысқасы, жұмыскерлеріне барлық жағдай жасалған. Әрине, Google мықты жұмыс орындарының бірі болып саналғандықтан сынақ мерзімінен өтушілер де көп болды. Кезінде тауар сатумен айналысқан екі 40 шамалас жолдас талантты, үлкен оқу орындарында оқыған жастардың жанында әлдеқайда білімсіз, жаңа технологияда хабары жоқ, кейбір тұстарда күлкілі болып көрінеді. Бірақ жас және білім айырмашылықтарына қарамастан, бұл тәжірибелі сатушылар өздерінің харизмдерімен, белсенділіктерімен, жетекшілік қасиеттерімен, тақырыпқа сай емес болса да басқа адамдарға қарағанда өзгеше ойлау қабілетімен командаларын ілгері тартты. Кино комедиялық жанрда болғандықтан, ішімізді ұстап күлген жерлері де болды. Тапсырма орындалу уақытында әр команда бірігіп жұмыс жасайды. Бірақ ол екеуінің көмегінен зияны көп болғандықтан, команда мүшелері оларды тапсырмаға қажетті мәліметтерді профессор Ксавьерден сұрастырып келуге жібереді. Профессор Ксавьердің «Люди-Икс» фильмінің кейіпкері екенін қайдан білсін, мәз болған екі дос мұның әзіл әрекет екенін түсінбей, шын мәнінде профессорды іздеп, кездейсоқ мүгедек күймесіндегі адамды профессор Ксавьер деп, есесіне таяқ жейді.

Ең ұнамаған жері - жастарға түнгі клубтарға барып, ішімдік ішуді насихаттауы. Былайша, көруге тұрарлық фильм. 

Жұбайым екеуіміз фильмнің соңындағы секундтық камеода түскен Google-дің негізін қалаушы Сергей Бринді көру үшін бірнеше рет артқа айналдырған болатынбыз.

Оцените пост

0