Студенттер, Сенбі және Жексенбі күндерін қалай өткіземіз ?

BlankoS 2013 M11 14
121
0
0
0

Study Hard, Party Hard ! Сабақты қатты оқимыз, қатты демаламыз. ШУУУУУТИИИТЬ

Бәріне Peace достар. Қазір сағат 3:48 және мен өмірімдегі бірінші қазақша блогымды жазудамын. Осы блогымды студентерге арнағым келеді. Өз тәжірибемнен, студенттік өмірім қызық сәттерге өте бай. Қазіргі кезде біз өмірден бүкіл қызықтарды көріп алуымыз керек, орысша айтқандай "Бери от жизни все !". Бүгін жұма күні, яғни оқу аптасы бітеді. Достарым жұма күнімен  маған "Кешке не істейміз ??" деген сұрақпен келеді. Ал содан кейін ойланып отрамыз. Көбінесе өткенгі аптада жасайтын нәрселерді істейміз:)

Студенттер ақшага бай емес, бірак тырысып қызық бірдене жасағымыз келеді. Ал қазір Астана қаласында студентке не істеуге болатын жазуға тырысамын.

 

1 Вариант-Футбол матчтары (Негізі жігіттерге арналған).

Достарынмен футбол трансляциярын көруге болады. Сенбі және Жексенбі күндері Barclays, BBVA, Seria A, Bundesliga т.б лигаларында матчтар болады. Көбінесе осы лигалардын матчтары өте қызық. Ал енді сұрақ, "Қай жерде қарауға болады және бағасы қанша ?". Астанада, меніңше, ен арзаны "Fair Play" букмекерлік және "паб" торабы. Бұл жерде тікелей трансляцияларын тұрып та қарауға болады (тегін), отырып қарасан депозит бағасы адамға 1500 теңге. Айтып кететін сәт - сыра бағасы 250 теңге. Трансляция атмосферасы өте жақсы және команданыз гол салған кезде достарынмен шын ниеттен айқалауға болады.

Артықшылықтардан клиенттері өте көп және орындарды ертерек телефон соғып брондау керек. Ал орын болмаса "Голкипер", "Kega Bar", "Chelsea Bar" ұсынамын. Әсіресе "Голкипер" және "Kega Bar" спортбарларында атмосфералары керемет. Бағалыры сәл жоғары адамға 2000тг болып табылады. Сыра бағасы Голкиперде 700 тг, бірақ 3-ші саптыаяғы тегін:) Кеганын бағаларын ұмытып кеттім.

 

2 Вариант- Кальян (Қыздар+Ұлдар)

Көбінесе қыздарымызға (подруги) ұнайтын. Балдар болып ешқашан бармаймыз бірақ, қыздар "жылап"шақырса ақыры барамыз:) Қаланын ең жақсы кальяндары "Ast Shisha" деп айтады. Оның не екенін өзім де білмеймін әйтеуір соны мақтайды. Баратын жерлері көп. Орта бағасы 5000-7000 тг арасында. Достарынмен жиналып сөйлесіп, күліп мәз болып отыруға болады.

 

Сағат таңғы 5 болғанын байқамаппын, ұйқым келіп тұр:) Келесі блогымда тағы басқа вариантарды жазып көрсетермін. Тәжиребім бай). Көріскенше !

P.S. Осы блогымда мекемердін жарнамасын жасаұға тырысқан жоқпын, жәй ұсыныс.  Ішімдік және кальяндарға ешқандай пропаганда жасағым келмеді.

P.S.S. Синтаксис және морфологиялық қателерімге қатты мәң бермей-ақ қойыныз:)

P.S.S.S. Study Hard, Party Hard ! Сабақты қатты оқимыз, қатты демаламыз шууутииить

 

Оцените пост

0
Дальше