Көлік және коммуникация министрі Ақкөлдегі Дата-орталықта болды

Ваш Казахтелеком November 13, 2013
653
0
0
0

Еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Ақкөлдегі дата-орталықтың жұмысымен танысты. Министр  дата-орталықтың бірегей географиялық орналасу жағдайына және техникалық...

Еліміздің Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Ақкөлдегі дата-орталықтың жұмысымен танысты. Министр  дата-орталықтың бірегей географиялық орналасу жағдайына және техникалық жарақталуына жоғары баға берді.

Ақкөлдегі дата-орталық ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Бұл нысан бірегей конструкцияға ие.  Дата-орталық  бункер  түрінде жасалған. Өнеркәсіптік аумақтардан  алыс орналасуы және бірегей географиялық жағдайы орталықтың  апатты жағдайлардың салдарынан істен шығу ықтималдығын барынша азайтады.

Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Ақкөлдегі ақпараттық-коммуникациялық орталықтың  сапалы және сенімді техникалық жарақталуы  мемлекеттік органдарға, мемлекеттің үлесі бар корпоративтік бизнестерге   ресурстар ұсынуға мүмкіндік береді.

Дата-орталықтың сенімділік деңгейі - Tier II, ауданы – 480 м2, сервистік бағандардың саны - 80, сыйымдылығы – 1 000 бірлік жабдық, қуаты: 1 MВт, резерв деңгейі - N+1, қосылу арнасы - 20 Гб/с, деректерді өңдеу орталығының қолжетімділігі - 99,749%.

Оцените пост

0