М.Тайсон: Ағайынды Кличколарды бірінші раундта-ақ сұлатар едім

Kazsport agent November 13, 2013
156
0
0
0

Атақты американдық ауыр салмақтағы боксшы Майк Тайсон ағайынды Кличколар — Виталий мен Владимирді бірінші раундта-ақ оп-оңай ойсарыта ұтар едім деп мәлімдеді. «Кличколарды ма? Мен оларды бірінші...


Майк Тайсон

Атақты американдық ауыр салмақтағы боксшы Майк Тайсон ағайынды Кличколар — Виталий мен Владимирді бірінші раундта-ақ оп-оңай ойсарыта ұтар едім деп мәлімдеді.

«Кличколарды ма? Мен оларды бірінші раундта-ақ нокаудқа жіберер едім», — деді Тайсон Bild am Sonntag-қа берген сұхбатында.

«Мен ешқашан агрессивті болған жоқпын, ешқашан өзімшіл болған емеспін. Мен есірткісіз, таза бокстастым. Менің ойымша, кез келген боксшының аяғын аспанға келтіруге қауқарым жетеді. Ол үшін тіпті бәске өз өмірімді қоя аламын», — деп атап өтті Тайсон.

 

Оцените пост

0