Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:32, 12 ноября 2013

Қазақстан Қарулы Күштері мемлекеттік тіл үйренуде жүйелі жұмыс жүргізуде

Әскерлердегі 2013 оқу жылындағы жауынгерлік даярлық қорытындысымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне мемлекетті тілді оқыту сабақтарының қорытындысы шығарылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген міндетті іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қарулы Күштерінің жеке құрамымен мемлекеттік тілді оқыту сабақтары өткізіліп келеді. Бастауыш, жалғастырушы және тереңдетіп оқу топтарына бөлінген тіл үйренушілер оқу жылының екінші кезеңі бойынша емтихан тапсырды. Сабаққа қатысушылар бұған дейінгі жартыжылдық соңында сынақ тапсырған болатын. Сонымен қатар осы оқу кезеңінде мемлекеттік тілді үйренушілер рефераттар қорғап, түрлі тақырыптарда жеке тапсырмаларды орындады.

ҚР Қарулы Күштерінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы», «Мемлекеттік тілдің үздік аудармашысы» байқау-конкурсын өткізу жоспарланып отыр.

Байқау-конкурста мемлекеттік тілді дамыту мамандарының шығармашылық жұмыстары, ғылыми жетістіктері, әдістемелік және көрнекі құралдары ұсынылады және оларға талдау жасалады. Байқау-конкурсының нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен оқытушылар мен аудармашылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
249
0