Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:13, 11 ноября 2013

2020 жылға қарай қазақстандықтардың 30 пайызы ұдайы спортпен айналысатын болады — Е. Қожағапанов

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов

2020 жылға қарай қазақстандықтардың 30 пайызы ұдайы спортпен айналысатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша, заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық ықпалдарға соқтырмайды, керісінше, бұқаралық спортты дамытуда тың серпін ашатын болады. «Қазірдің өзінде мемлекетке қарасты спорттық ғимараттарды ұстап тұруға бюджеттік қаражаттар бөлінуде және бұл республикалық деңгейде қарастырылған. Ал жергілікті атқарушы органдар бұл шығындарды бюджеттің басқа баптарымен қарастырады», — дейді агенттік төрағасы.

«Жалпы, заң аясында қабылданатын шаралар арқасында жергілікті жерлерде тиісті шаралар қамтылып, 2020 жылға қарай еліміздегі спортпен жүйелі түрде айналысушылар қатары 30 пайызға, 2030 жылы 40 пайызға қамтамасыз етілетіні болжанады»,- деді Е. Қожағапанов.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Қанат Мәметқазыұлы
 
0
257
0