Лионель Месси 2013 жылы алаңға шықпайды

Kazsport agent 2013 M11 11
163
0
0
0

Каталониялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси сол аяғының жарақатына байланысты алдағы 6-8 аптаға жасыл алаңнан тыс қалды. Бұл туралы «Барселонаның» ресми сайтына сілтеме жасап...

Лионель Месси

Каталониялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси сол аяғының жарақатына байланысты алдағы 6-8 аптаға жасыл алаңнан тыс қалды.

Бұл туралы «Барселонаның» ресми сайтына сілтеме жасап, «ИТАР-ТАСС» хабарлады. Месси Испания чемпионатының 13-турындағы «Бетиспен» болған ойында 20-минутта жарақат алған болатын.

26 жастағы футболшы үшін бұл биылдың өзінде алған төртінші жарақаты болып отыр.

Аргентиналық шабуылшы «Барселона» сапында 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 6 рет Испания чемпионатын, екі мәрте ел кубогын, бес рет Суперкубокты ұтып алған. Командасымен бірге Месси үш рет Чемпиондар лигасында топ жарды, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын екі реттен ұтты. Сонымен қатар Мессидің еншісінде төрт «Алтын доп» бар.

   

Оцените пост

0