Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының қорытындысы бойынша баспасөз үшін бірлескен брифинг өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге және ресейлік делегацияға қонақжайлығы үшін ризашылық білдірді. – Бұдан он жыл бұрын біз бұл форумға бастамашы болған едік. Осы жылдар ішінде ол оң бағасын алып...

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге және ресейлік делегацияға қонақжайлығы үшін ризашылық білдірді.

– Бұдан он жыл бұрын біз бұл форумға бастамашы болған едік. Осы жылдар ішінде ол оң бағасын алып, біздің екі елдің ынтымақтастығының маңызды факторына айналды. Қазақстан мен Ресей адамдардың, кәсіпорындардың, экономиканың өзара байланысы сақталуы үшін посткеңестік кеңістікте, сірә, барлығынан да көп жұмыс жасаған болу керек. Біз көршіміз, ал көршіні таңдамайды. Біздің бабаларымыз осылай тіршілік етті, біз де солай тіршілік жасаудамыз және біздің ұрпақтарымыз да осылай өмір сүретін болады. Қарым-қатынасымызды жақсартуға жұмыс істеу маңызды. Ол – болашақ ұрпақтың өмірінің іргетасы, – деді Мемлекет басшысы.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-90/

 

Оцените пост

0