Құлшылық және сенім «Мен, келдім бүгін, жағаға»

құлшылық, сенім, құлшылыұ ету, Алла, өлең, поэзия, видео

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мен, келдім бүгін, жағаға,

Жаратқан ием, Аллаға.

Ризамын, Өзіңе, тек қана,

Өмірдің артығы, Сен ғана.

 

Біліп бір, енді білмей бір,

Жасаған кінәмді, кешіре гөр.

Білмедім, таза, қайсы кір,

Адастым, Алла, сене гөр.

 

Ағынмен кеттім, тоқтамай,

Жинадым кінәні, маржандай.

Құлшылық жасауға, жарамай,

Өзіме, ұнады бұл жағдай.

 

Аллаға, берген сертімді,

Биіктен көрініп, ұмыттым.

Байлық пен, жаптым көзімді,

Мақтаныш, өтірікке, мен баттым.

 

Ал, Аллам, мені ойлап, бір түнде,

Байлықты жоғалтты, бір күнде.

Жалаңаш қалдым, мен пенде,

Қасиетім Алла, тек сенде.

 

Құраным, болсын жарығым,

Намазым, болсын серігім.

Аятың, Алла, бар бағым,

Сен үшін, болсын өмірім.

Оцените пост

1

Комментарии

0
Видеоматериал "Құлшылық және сенім «Мен, келдім бүгін, жағаға»" www.youtube.com
0
Рақмет рақмет, керемет. Өзіңіз оқысаңыз жақсы болатын еді
Показать комментарии
Дальше