Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан финалдық ойын жеңімпазын құттықтап, Қазақстан Кубогын тапсырды

Kazsport agent 2013 M11 10
165
0
0
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионында футболдан 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойынын тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі...


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионында футболдан 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойынын тамашалады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, ойынды УЕФА президенті Мишель Платини мен Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ә.Жақсыбеков көрді.

«Тараз» командасын (Тараз қ.) 1-0 есебімен жеңген «Шахтер» клубы (Қарағанды қ.) Қазақстан Кубогының биылғы маусымдағы иегері атанды.

Ойын аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысының өзі жеңімпаздарды құттықтап, оларға Кубокты тапсырды.

Қазақстан Кубогы үшін ойындар 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді. Кубок жеңімпазы келесі маусымның бас кезінде Суперкубок үшін Қазақстан чемпионымен ойнайды, сондай-ақ 2014-2015 жылдардағы маусымда Еуропа Лигасында ойнау құқығына ие болады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Н. Нурахмет
 

Оцените пост

0
Дальше