Akparat 2013 M11 10
1784
0
0
0

Қазақстан телеарналарының көрермендері корей және түрік сериалдарымен қош айтыспақ. Бұл туралы бүгін, 11 қарашада Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте Мәдениет және ақпарат...

Қазақстан телеарналарының көрермендері корей және түрік сериалдарымен қош айтыспақ.

Бұл туралы бүгін, 11 қарашада Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазақстандық телеарналар корей және түрік сериалдарымен тым әуестеніп кеткен.

Нәтижесінде мемлекеттің қыруар қаражаты шетелдік киноиндустрияны инвестицялауға кетуде.

Сол себепті ондай сериалдарды сатып алуды тоқтату бойынша нақты шешім қабылданған көрінеді.

Үнемделген қаражат отандық сериалдарды дамытуға бағытталады. Қазірдің өзінде отандық телеарналарда 20 қазақстандық сериал эфирге шыққанын айтады министр.

Айтпақшы, 90-шы жылдары талай қазақты көгілдір экранға телмірткен «Перекресток» қайта түсіріле бастайды.

Министр атап көрсеткендей, бүгінде «Перекрестоктың» режиссері Ермек Шынарбаев сериалдың жаңа нұсқасын түсіруге келіскен. Оның шартты атауы «Астанадағы жол қиылысы» («Перекресток Астаны») болмақ. Түсіру жұмысы келесі жылдың басында бастау алып, жыл ортасында сериал көрерменге жол тартпақ.

 

Оцените пост

0
Дальше