«Жігіттерге» 10 жыл!

kaztube1 2013 M11 9
1224
0
0
0

Фейзбуктағы ойынымыздың жеңімпазы хабарласпаған соң, басқа қатысушыға бұйырды билеттер. Жігіттер концертіне Твиттерде 2 билет ұтып алған Сейіттің өзі келе алмай, досы алып кетті билетті. Концертке...

Фейзбуктағы ойынымыздың жеңімпазы хабарласпаған соң, басқа қатысушыға бұйырды билеттер.

Жігіттер концертіне Твиттерде 2 билет ұтып алған Сейіттің өзі келе алмай, досы алып кетті билетті.

Концертке дейін. Бағланның шашын әрлеп жатыр.

Костюмдары керемет!

Мырзахан мырза ауыстыратын киімдерін дайындап қойып жатыр. Пысық екен :)

Біздің оператор сіздер үшін тырысып жатыр. Порталымыздан күтіңіздер!

Жігіттердің екінші киіп шыққан костюмы. Кімдікі деп ойлайсыздар? :)

Айқаракөз әнімен ашылды Жігіттердің кеші.

Сахнаны әдемі етіп безендірген. Ою-өрнегін айтсаңызшы!

Жігіттер продюсерлік орталығындағы Жалын тобы да ән айтты

Жігіттер тобының биші екенін бұрыннан білесіздер ғой :)))

Жігіттер тобы халықтың алдында барынша еркеледі. Өздерін сондай еркін ұстап, әзілмен өткізді :))

Жігіттердің төрт серісі бір-бірлеп ән айтты. Бағлан мен Мырзаханның жаңа әндері керемет екен.

 

Жігіттер тобының бұрынғы мүшесі - Еркін Нұржановпен бәрі құшақтасып, "Бақытты болды" айтқан сәт көрермендерге керемет әсер қалдырды.

Халықтың Жігіттерге құрметі мен қошеметі өте зор. Төрт серінің өнері өрлей берсін! Он жылдық мерейтой құтты болсын!

Оцените пост

0
Дальше