Астанада Үстірт жазығында экожүйелерді сақтау аясында өндірістік сектормен әрекеттесу мәселелері жөніндегі семинар өтті

7 қараша күні Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы» республикалық қ

7 қараша күні Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге «Үстірт экожүйелерін сақтау бастамасы» жобасы аясында өндірістік сектормен әрекеттесу мәселелері жөніндегі семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – Үстірт жазығы аумағында жұмыс істейтін өндірістік компаниялардың назарын олардың қызметтерінің салдарына аудару. Сонымен бірге биоалуантүрлілікті сақтау шараларын бизнес-жоспарлауға ендіру маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.  Семинарға қатысушылар  тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және оларды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-86/

Оцените пост

0
Дальше