Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:27, 07 ноября 2013

Чемпиондар Лигасы. «Арсенал» есесін қайтарды

 

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші күніндегі кездесулер де аяқталды. Назарларыңызға толық нәтижелерді ұсынамыз.

«G» тобы

«Зенит» (Ресей) 1 – 1 «Порту» (Португалия)

Blog post image

«Петровский» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 23 минутта Лучо Гонсалес есеп ашқанымен, араға 5 минут сала Халк есепті теңестіріп кетті. Сонымен қатар бразилиялық футболшы бірнеше мүмкіндік пен пенальтиді пайдалана алмады. Осылайша екінші орын мәселесін өзара емес, келесі кездесулерде шешетін болды.

Blog post image

 

«Атлетико Мадрид» (Испания) 4 – 0 «Аустрия В» (Аустрия)

Blog post image

Диего Симеоне командасы топтық кезең мәселесін шешіп қойды. Өз алаңында «Аустрияны» 4:0 есебімен тағы да ойсырата жеңді. Ал аустриялық команда әлі де болса гол соға алмай келеді.

 
«G» тобыОйынЖеңісТеңЖеңілісГолдарҰпай
1.Blog post imageАтлетико М440012:212
2.Blog post imageЗенит41213:45
3.Blog post imageПорту41123:44
4.Blog post imageАустрия В40130:81

«Н» тобы

«Аякс» (Нидерланды) 1 – 0 «Селтик» (Шотландия)

Blog post image

Амстердам қаласының футбол клубы өз алаңында екі апта бұрын «Селтик Паркте» кеткен есені қайтарды. Кездесудегі жеңіс голын Лассе Шонесоқты.

 

«Барселона» (Испания) 3 – 1 «Милан» (Италия)

Blog post image

«Камп Ноу» стадионында өткен ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. 30 минутта Лионель Месси пенальтиден есеп ашса,(бір қарағанда пенальти болмағандай көрінген) араға 10 минут сала Серхио Бускетсесепті 2:0-ге жеткізді. Алайда алғашқы тайм аяқталар тұста Жерар Пике өз қақпасына гол соғып алды. Кездесудегі нәтиженің соңғы нүктесін тағы да Месси қойды.

 
«H» тобыОйынЖеңісТеңЖеңілісГолдарҰпай
1.Blog post imageБарселона43109:210
2.Blog post imageМилан41215:55
3.Blog post imageАякс41123:74
4.Blog post imageСелтик41032:53

«Е» тобы

«Челси» (Англия) 3 – 0 «Шальке 04» (Германия)

Blog post image

Екі апта бұрын Гельзенкирхенде өткен кездесуді «ақсүйектер» өз алаңында қайта қайталап бергендей. Бірінші болып Хильдебранд оңбай қателесті. Это’О жылдамдық танытып есеп ашты. Жанкүйерлер күтпеген гол болды. Тіпті Самуэлдың өзі де күтпеді. 54 минутта тағы да Это’О ерекше шеберлігімен екінші допты «Шальке» қақпасында тулатты. Соңғы голды Демба Ба еншісіне жазды.

«Базель» (Швейцария) 1 – 1 «Стяуа» (Румыния)

Blog post image

Швейцариялық команда тағы да «Стяуамен» тең ойнап қалды. Мурат Якин шәкірттері жылдам гол жіберіп алып, есепті соңғы минуттары әрең дегенде теңестірді.

 
«E» тобыОйынЖеңісТеңЖеңілісГолдарҰпай
1.Blog post imageЧелси430110:29
2.Blog post imageШальке-0442024:56
3.Blog post imageБазель41214:45
4.Blog post imageСтяуа40222:92

«F» тобы

«Наполи» (Италия) 3 – 2 «Марсель» (Франция)

Blog post image

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің аса тартысты кездесулерінің бірі – Неапольда өтті. «Наполи» өз алаңында «Марсельды» тағы да ұпайсыз қайтарды. Француздық команда алғаш болып есеп ашқанымен, таблодағы нәтижені сақтап қала алмады. Инлер мен Игуаинның екі голы «Марсельге» мүмкіндік бермеді.

«Боруссия Д» (Германия) 0 – 1 «Арсенал» (Англия)

Blog post image

Арсен Венгер командасы соңғы 4 кездесуінде неміс жерінде жеңілмеген болатын. Бүгін сол жеңісті жолын қайта жалғады. Сонымен қатар екі апта бұрын «Эмирейтсте» жіберген есені қайтарды. Қарымта шабуылда сәтті ойнаған Юрген Клопп командасына жауап та таба білді. 62 минутта қорғаушылар мен қақпашы қателігінен кейін Рэмси кездесудегі шешуші голды еншісіне жазды.

 
«F» тобыОйынЖеңісТеңЖеңілісҰпайО
1.Blog post imageАрсенал43016:39
2.Blog post imageНаполи43017:69
3.Blog post imageБоруссия Д42026:46
4.Blog post imageМарсель40044:100

Автор: Өмірбек Сансызбай

 
0
344
0