Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:24, 07 ноября 2013

Касильяс Рауль рекордын бұзды

Икер Касильяс

Кеше «Ювентусқа» қарсы кездесуде Икер Касильяс «Реалдың» жаңа рекордын жасады. Ол Чемпиондар Лигасындағы 133-ші кездесуін өткізіп, Раульды басып озды.

Икер Касильяс бұл маусымда негізгі құрамда тек Чемпиондар Лигасында ғана өнер көрсетіп келеді. Ол осы байрақты бәсекедегі алғашқы кездесуін 1999 жылы «Олимпиакосқа» қарсы өткізген болатын. Кеше Туринде өткен 133 кездесуінде де әйгілі қақпашы өз шеберлігін таныта білді. Осыған дейін бұл рекордтың тізгінін 132 кездесумен Рауль ұстап келген болатын.

Blog post image
Чемпиондар Лигасындағы «Реал» сапында ең көп кездесу өткізгендер:
1. Касильяс – 133.
2. Рауль – 132.
3. Роберто Карлос – 109.
4. Гути – 99.
5. Хенто – 88.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
178
0