«Реал» стадионының аты өзгертіледі

Kazsport agent 2013 M11 7
129
0
0
0

Microsoft корпорациясы мадридтік Реал командасының стадионы Сантьяго Бернабеудің атын өзгерту құқығын иеленуге келіссөздер жүргізуде. Ал біз осыған дейін аталған стадионның қайта құрылымдап...


"Реал" стадионы

Microsoft корпорациясы мадридтік Реал командасының стадионы Сантьяго Бернабеудің атын өзгерту құқығын иеленуге келіссөздер жүргізуде. Ал біз осыған дейін аталған стадионның қайта құрылымдап жасалатынын хабарлаған болатынбыз.

Қазан айында «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес Сантьяго Бернабеудің 2016 жылға дейін толық құрылымдалып, күрделі жөндеуден өткен соң аты өзгертілетінін мәлімдеген еді. ЕндіMicrosoft корпорациясы келіссөздер жүргізу арқылы стадионның құрылыс жұмысына қаржылай демеушілік көрсететінін жеткізіп, жаңа ат қоюды еншілемек. Осыған дейін Реал мен Microsoft Кариб бассейндері мен Оңтүстік Америкадағы бірнеше жобаны бірлесе іске асыруды жоспарлаған да еді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, стадион 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі Реал президенті Сантьяго Бернабеудің есімін алған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 

Оцените пост

0