Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:17, 07 ноября 2013

Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады

Blog post imageБүгін Астанада Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестік шеңберіндегі қорғаныс саласындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

– Екі ел көшбасшыларының жемісті саяси үнқатысуының арқасында қазіргі таңда әскери саладағы қазақ-америка ынтымақтастығы жеткілікті деңгейде дамуда. Біз үшін бітімгершілік мәселелері, әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың басым бағыты болып табылады.

Өз кезегінде Джон Ордвей АҚШ пен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығы соңғы жылдары белсенді дамып отырғанын және АҚШ-тың «KADEX-2014» ІІІ халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
246
0