Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:15, 07 ноября 2013

egov.kz жайлы қысқаша сөз

Кіріспе.

Осыдан 7-8 жыл ғана бұрын елімізде интернет арқылы некеге тұруға немесе коммуналды қызметттерге төлем жасауға, басқа да анықтамаларды көп уақыт пен кезекке тұрмайалуға болады  десе сенер ме едіңіз??? Әрине жоқ! Ал қазір ол жағдайлар үйреншікті жағдайға айналып кетті.

Еліміз халықаралық қауымдастықтың бір мүшесі  болғандықтан, әлемде болып жатқан үрдістер Қазақстанды айналып өтпей қоймайды. Сол себепті қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде ақпараттық технологиялардың көмегімен біраз іс-шаралар атқарылуда.  Атап айтқанда  мемлекеттік мекемелердегі дерекқорларда жиналып қалған түрлі  мәліметтер толықтырылып қана қоймай басқа да пайдалы шаруаларға кәдеге асып, ҚР азаматтарының мемлекетпен қарым-қатынасы  кезінде уақытын үнемдеуге септігін тигізіп жатыр.  Әлемнің көп елінде жалпы атаумен «электронды үкімет» аталған жоба  6 жыл  бұрын Қазақстанда да дүниеге келіп, қзіргі кезде қарқынды даму сатысын бастан өткеруде.  Электронды үкіметтің басты мақсаты- мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты барынша оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді  жылдам әрі сапалы көрсету.

Халықаралық  дәреже.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кезінде жүзеге асырыла бастаған жоба біраз жетістіктерге де жетіп үлгерді. Атап айтқанда 2010 жылы БҰҰ рейтингісінде 46 орында болса, 2012 жылы 8 орынды артқа  тастап 38 орынға көтерілді. Және бұл көрсеткіш ары қарай жақсарады деген сенімдеміз.

CountryE-Government 2012Rank
2012
Rank
2010
Rank Change
Hungary0.72013127-4
Italy0.71903238+6
Portugal0.71653339+6
Ireland0.71493421-13
Malta0.71313530-5
Bahrain0.69463613-23
Greece0.68723741+4
Kazakhstan0.68443846+8
Chile0.67693934-5
Malaysia0.67034032-8

Қолданушылар.

Осы уақытта  электронды  үкіметтің пайдаланушылар саны жөнінен Алматы мен Астана қалалары көш бастап келеді.  Ал кейбір қалалар мен облыстарда пайдаланушылардың жалпы  саны жоғарыдағы екі қаланың  санынан да аз.  Оған басты себептердің бірі азаматтардың  жеткілікті ақпараттандырылмауынан және кең жолақты интернеттің түрлі себептерге байланысты қол жетімсіз болуы.  Алайда, интернеттің қол жетімсіздігіне қарамастан, электронды порталдан  ұялы телефондарға арналған қосымшаларды кез келген қиындықсыз жүктеп алуға болады.  Одан басқа электронды портал туралы қызық мәліметтерді мына сілтемеге өту арқылы білуге болады.

ЭЦҚ.

Электронды  порталда жұмыс істеу кез келген пайдаланушыға қиын болмайтындай етіп жасалған.  Әсіресе, электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу пайдаланушыға зор мүмкіндіктер береді.  Ол арқылы сіз түрлі анықтамаларды алып қана қоймай, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді, салық, басқа  да төлемдерді жасай аласыз.

Туындайтын мәселелер.

Көп жағдайда электронды портал арқылы алынған анықтамалардың заңдық күшіне кей  мемлекеттік органдардағы жауапты қызметкерлер  QR-кодқа қарамастан күмән келтіріп жатады.  Көптеген жылдар бойы мөрмен ғана басылған анықтамаларды қабылдап үйренген кеңсе қызметкерлерін түсінуге болады (дәл өз басымнан осындай жағдай, 2012 жылы қыркүйекте  Шымкент қалалық қорғаныс жөніндегі басқармаға сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама тапсырғанда кездестірдім). Мұндай жағдай сіздердің бастарыңыздан өтпей-ақ қойсын.

Электронды үкіметтің бизнеске пайдасы.

Электронды портал бизнеске де қолайлы мүмкіндіктерді жұщеге асырып келеді. Соның көрінісі ретінде порталда Бизнес деген дербес бөлім қарастырылған. Онда заңды тұлғалар мемлекеттен алатын көптеген қызмет  түрлерін осы бөлімнен керегінше алып, қажетті ақпаратты  біле алады. Мысалы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы бар жоғы 30 минут ішінде алуға болады. Ол үшін 3 сатыдан тұратын әрекетті жасау керек, атап айтқанда:

  1. Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қорытынды.

Қорыта келгенде бір ғана жазбамен электронды портал жұмысының барысымен толық  танысу мүмкін емес.  Болашақта тағы да көптеген азаматтардың өмірін кеңірек қамтитын салаларды да автоматтандыру күн тәртібінде тұр.  Кейбір аймақтарда жеңіл көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жоғалған немесе ұрланған жағдайда, қосымша анықтамалар жинау үшін ІІД кеңселерінің табалдырығын тоздырумен болады.  Немесе, әскерге шақырылатын 18-ге толған азаматтар құжат жинаумен тұрлі мекемелерде уақыты мен  күштерін, қаржыларын  жұмсап жатады. Осы әрекеттер электронды портал тұрғанда қисынсыз көрінеді.  Егер азаматтар керек құжатының барлығын элетронды портал арқылы ала алатын болса өте тамаш болар еді деп ойлаймын. Ол күн де алыс емес деп үміттенемін.

0
5325
0