Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:42, 06 ноября 2013

«Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді

Blog post image

29 қарашада «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы өтеді. Әлемнің 30 мемлекетінің 200 үздік спортшысы, әлемдік жұлдыздар, Олимпиада жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары Астанада Олимпиада лицензияларын сарапқа салады. Сочи-2014 Олимпиадасында 10 000 метр қашықтықтағы жарысқа іріктеу «Алау» мұз сарайында өтеді. Бұл туралы мұз сарайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

«Қазақстан құрамасы мен әлемдік жұлдыздар конькимен жүгіруден күш сынасады. Олимпиада ойындарына іріктеу барған сайын қиындап келеді. Бәсекелестік артуда. Сочиде 10 000 метр қашықтықта жарысқа қатысу үшін Әлем кубогында үздік 16 спортшының қатарына ену керек», — делінген хабарламада.

«Алау» сарайындағы мұздың сапасын және спортшылардың Олимпиада қарсаңындағы аса жоғары деңгейдегі дайындықтарын ескере келе, елордада жаңа әлемдік рекордтардың орнатылуы секілді тарихи оқиғаның куәсі болуымыз әбден мүмкін.

Қазақстан құрамасынан еліміздің үздік стайері Дмитрий Бабенко бағын сынайды, ол Әлем кубогы кезеңдерінің сериясы басталмас бұрын Канадада 3 000 метр қашықтықта ұлттық рекорд орнатқан болатын.

Айдын иесі ретінде Қазақстан құрамасы әр қашықтықта бес-бес спортшыдан қатыстыра алады. Бұл бапкерлер штабына ұлттық штаттық команданы Олимпиадалық лицензияларға күрес барысында барынша әрекет етуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, ел құрамасының бас бапкері Вадим Саютин ойындарда 5-6 лицензия мен бір медальға қол жеткізетіндерін айтқан болатын. Құрама сапында қазіргі Әлем чемпионы Денис Кузин, еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары мен рекордшылары Екатерина Айдова, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев ел намысын қорғайды.

 
0
509
0