Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселелері» тақырыбындағы семинар өтті.

АДР РК 2013 M11 6
602
0
0
0

Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселелері» тақырыбындағы семинар

2013 жылғы 5 қарашада Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасымен бірлесе ұйымдастырған «Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселелері» тақырыбындағы семинарға ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Айнұр Әбдірәсілқызы қатысып, семинар тақырыбына қатысты негізгі баяндаманы жасады. Сонымен қатар аталған жоғары оқу орнының Студенттер үйінде қыздар аудиториясымен арнайы кездесу өткізіліп, қазақ халқының рухани мәдениеті, дін және дәстүр сұхбаты мәселелері кеңінен талқыланды.

Осы тақырыптағы семинарлар циклі Жамбыл гуманитарлық-технологиялық университетінде А.Әбдірәсілқызының «Рухани құндылықтар және діни сана» атты баяндамасымен жалғасын тапты. Семинар барысында студент жастардың қызығушылығын тудырған көптеген өзекті сауалдарға жан-жақты жауап берілді.

Іс-шара аясында сонымен қатар Жамбыл облысы Дін істері басқармасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дін мәселелерін талқылауға арналған кездесу өткізілді. 

Оцените пост

0