Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:44, 05 ноября 2013

АДАМ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ.

 

АДАМ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ. «Айқын», 05.11.2013ж.
Алматыда бір жігітті ұрлап әкеткен күдіктілер қамауға алынды. Бұл туралы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. «Оқиға 4 қарашада болған. Полицияға азамат Т. хабарласты. Ол өзінің 1993 жылы туған ұлы жұмыстан үйге келмегенін, із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады. Сосын 00.30-да осы жігітің әкесінің ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, ұлының солардың қолында кепілдікте ұсталып отырғанын хабарлаған», - деді Салтанат Әзірбек.  

С.Әзірбектің  айтуынша, белгісіз біреу ұрланған жігітті ұрып-соғамын деп,  оның әкесінен ұлын босату үшін 20 мың доллар талап еткен. Бейтаныс онымен жолайырықтардың бірінде кездесу белгілеген. Сонымен, 3.30-да «Боран-74» жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Ақсай» шағын  ауданында Lexus автокөлігінің тұрғанын байқайды. Көлікте болған 23 жастағы екі ер адам мен 21 жастағы әйел адам қамауға алынды.
Көлікті тінту барысында салоннан ұрланған жігіт табылды. Дене жарақаттарын алған ол аяқ-қолы скотчпен байланған күйде отырған. Ол қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылған.
Қазір  ҚК 125-бабы - адам ұрлау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

0
208
0