Футбол: «Ақжайықтан» ойыншылардың алды кете бастады

Kazsport agent 2013 M11 4
172
0
0
0

Биылғы маусымды сәтсіз өткізіп, бірінші лигаға түсіп қалған Оралдың «Ақжайығынан» ойыншылардың алды кете бастады. Чехиялық қорғаушы, бойы да ұзын, техникасы да қалыптасқан Якуб Хлебоун өз орнын нық...

Биылғы маусымды сәтсіз өткізіп, бірінші лигаға түсіп қалған Оралдың «Ақжайығынан» ойыншылардың алды кете бастады.

Чехиялық қорғаушы, бойы да ұзын, техникасы да қалыптасқан Якуб Хлебоун өз орнын нық ұстаған футболшының бірі еді. Қысылтаяң уақытта шабуылға да қосылып, доп соға білетін. «Ақжайыққа» өткен жылғы қыста келген Я. Хлебоун 57 матчта 8 доп соққан екен. Сонымен бірге биылғы маусымда барлық ойынды бастан-аяқ өткізген премьер-лигадағы үш ойыншының бірі. Яғни, биыл 31 матчта қорғанумен бірге 3 доптың авторы атанды. 28 жастағы футболшы енді премьер-лигадағы клубтардың біріне ауысатынын мәлімдеп үлгерді. «Ақжайықтың» тағы бір легионері, босниялық Недо Туркович те екі ойлы отыр. Басқа, мықтымын дейтін ойыншылардың да, әрине, бірінші топта доп тепкісі келмейтіні анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0
Дальше