Қытай: Олимпиада чемпионы бір аптаға түрмеге жабылды

Kazsport agent 2013 M11 4
145
0
0
0

Жүзуден Олимпиада чемпионы қытайлық Сунь Ян автокөлікті жүргізушілік куәлігінсіз басқарғаны үшін өмірінің жеті күнін абақтыда өткізеді. Бұл туралы ВВС хабарлады. Спортшы Weibo (Twitter-дің қытайлық...

Жүзуден Олимпиада чемпионы қытайлық Сунь Ян автокөлікті жүргізушілік куәлігінсіз басқарғаны үшін өмірінің жеті күнін абақтыда өткізеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Спортшы Weibo (Twitter-дің қытайлық баламасы) парақшасындағы өзінің оқырмандарынан кешірім сұраған көрінеді.

Жүзушіні жексенбіде Қытайдың шығысындағы Гуанчжоу қаласында оның көлігінің артына автобус соғылған кезде ұстаған екен.

Лондон Олимпиада ойындарында екі алтын медаль иеленген 21 жасар спортшы бұл оқиғаны қателік деп атап өтті. Осы орайда ол өзінің бар уақытын жаттығуға арнағандықтан, заңнаманы дұрыс білмейтіндігін алға тартуда.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 

Оцените пост

0