Мемлекеттік тіл сайысы: Сарыөзектегі әскерилер бас жүлде иегері

МО РК November 2, 2013
221
0
0
0

Сарыөзек әскери гарнизонының әскери қызметшілерінен құралған «Шаңырақ» командасы Қазақстан халықтары тілдері күніне орай он бес әкімшілік округ арасындағы өткізілген байқауда бас жүлдені жеңіп...

Сарыөзек әскери гарнизонының әскери қызметшілерінен құралған «Шаңырақ» командасы Қазақстан халықтары тілдері күніне орай он бес әкімшілік округ арасындағы өткізілген байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Байқауға қатысушылар ұсынылған мақал-мәтелдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару арқылы оларды меңгеру деңгейлерін паш етті. Үш турдан тұратын байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту болды.

Сайыс соңында он бес команда ішінен суырылып шыққан әскерилер старшина Қуат Ибраимов, 3-сыныпты сержант Азамат Байысқақов, старшина Жұмағазы Ахметов және сержант Қарлығаш Мұстафаева, сержант Гүлжан Сейдахметовалардан тұратын команда өздерінің нағыз тіл жанашырлары екенін танытты, әскерлердегі мемлекеттік тілді дамытудың шоқтығы жоғары екенін делелдеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің бүкіл жеке құрамы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты жолдауына сәйкес үштұғырлы тіл саясатын қолдап, осы мақсатқа қол жеткізу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуде.

Мұндай іс-шаралар Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында, әскер түрлері мен тектерінде, әскери бөлімдерде өткізілді. Бұл еліміздің рухани бірлігі мен халықтар достығын нығайтуға қосылатын ауқымды үлес екені белгілі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0